үй Қазақстан жаңалықтары Ірі өрт: Семейде сауда үйіндегі өрт сөндірілуде

Ірі өрт: Семейде сауда үйіндегі өрт сөндірілуде

5
0

243 rob

Ірі өрт: Семейде сауда үйіндегі өрт сөндірілуде

Фотосурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдың 5 ақпаннан 6-сына қараған түні өртке қарсы қызметке Засядко көшесінде 65 өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Екі қабатты ғимараттың 1-ші қабатындағы  әртүрлі тауарлары бар пластикалық бутиктер өртеніп, өрт 2 қабат пен шатырға тараған.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала ауданы шамамен 4000 шаршы метрден астам.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Жергілікті жерде Өрт сөндіру штабы жұмыс істеуде. Күштер мен құралдар № 3 шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жұмыс атқарып жатыр.

Оттың жоғары температурада және ауқымды болуы мен ғимараттың  орналасуы, жанғыш материалдар өртті сөндіруге қиындық туғызуда.

Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамнан 349 адам, 47 бірлік техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Источник: dknews.kz