үй Қазақстан жаңалықтары Жұмыспен қамтудың цифрлық реформасы: қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер

Жұмыспен қамтудың цифрлық реформасы: қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер

7
0

185 rob

Жұмыспен қамтудың цифрлық реформасы: қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер

Фотосурет: ҚР ЕХӘҚМ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова БАҚ өкілдерімен «бейресми кездесу» форматында баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Министр қазақстандықтарға оқудан бастап жұмысқа орналасуға дейін кең мүмкіндіктер беретін жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйесі туралы егжей-тегжейлі айтып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараға бірінші вице-министр Ақмәди Сарбасов, вице-министрлер Назгүл Сағындықова, Олжас Ордабаев және Ербол Оспанов, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов, сондай-ақ Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғындықов қатысты.

Кездесу барысында Светлана Жақыпова Enbek.kz платформасында құрылған жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйесінің функционалдығы туралы толыққанды баяндады. Министр бүгінгі күні осы платформа арқылы азаматтар жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлық спектрін алатынын, ал жұмыс берушілер өздеріне біліктілігі бойынша лайықты жұмыскерлерді тауып, өз кадрлары бойынша электрондық құжат айналымын жүргізе алатынын атап өтті.

«Career.еnbek.kz порталы арқылы қазақстандықтар еңбек нарығындағы барлық қолда бар кәсіптер бойынша, мамандардардың не істейтіні, ол үшін қандай білім қажет, орташа жалақы мөлшері, еңбек нарығында кадрларға қажеттілік қандай екені туралы ақпаратпен таныса алады.

SKILLS.еnbek.kz ресурсында азаматтар онлайн оқытудан өтіп, жаңа кәсіптік дағдыларды игеріп, тиісті сертификаттар алады. Берілген сертификаттар Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетінде көрсетіледі. Электрондық еңбек биржасы арқылы ыңғайлы жұмыс табуға немесе қажетті жұмыскерді  таңдауға болады.

HR.enbek.kz жалдамалы қызметкерлерінің еңбек жолын цифрлық есепке алу алаңы арқылы электрондық еңбек шарттарын жасасуға, қажетсіз құжаттар мен анықтамаларды жинамай-ақ қызметкерлердің электрондық еңбек кітапшасын және қызметкерлердің жеке істерін автоматты түрде қалыптастыруға болады.

BUSINESS.еnbek.kz порталы бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар алу процестерін, яғни өтініш беруден бастап грантты алуға дейінгі кезеңді автоматтандыруға мүмкіндік берді.

MIGRATION.еnbek.kz ресурсы қандастар үшін де, еңбекші мигранттар үшін де халықтың көші-қоны саласында электрондық қызметтердің кең спектрін ұсынады», – деді Светлана Жақыпова.

Министр журналистерге қазақстандықтарға жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйесіне кіретін электрондық ресурстар арқылы берілетін сервистерді көрнекі түрде көрсетті,  кейін БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Источник: dknews.kz