235 rob
Фотосурет: ҚР ҚМ
Таң қылаң бере Қонаев және Жетісу гарнизондарындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері оқу дабылымен көтерілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Талдықорғанда десантшылар бөлімшелердің орналасу пунктінде оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Бұл ретте Қонаев гарнизоны 32363 әскери бөлімінің 50-ден аса сарбазы, келісімшарт бойынша әскери қызметшілері мен офицерлері Алматы қаласынан батысқа қарай Ақтөбе қаласына жөнелтілді. Ондағы мақсат – әскери басқару органдарының ұтқырлығын, жауынгерлік әзірлігін және үйлесімділігін тексеру.
Әскери-көліктік авиацияның ұшақтарымен десантшыларды белгіленген пунктке ұшқыштар жеткізді.
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік әзірлігін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов тексереуде.
– Жауынгерлік дағдыны қалыптастыру – Қарулы күштерді дамытудың басым бағыттарының бірі. Әскери қызметшілер әр жерлерде және бейтаныс полигондарда әрекет етуге дайын болуы керек. Одан бөлек штабтар мен бөлімшелер жұмысының үйлесімділігі де тексеріледі, – деді ол.
Осы шаралар аяқталғаннан кейін Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов кенеттен тексеруді қорытындылап, жауынгерлік дайындық мәселелерін жетілдіру жөнінде міндеттер жүктейді.
Источник: dknews.kz