үй Қазақстан жаңалықтары Жауынгерлік оқу: мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер тактикалық тапсырмаларды орындайды

Жауынгерлік оқу: мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер тактикалық тапсырмаларды орындайды

4
0

231 rob

Жауынгерлік оқу: мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер тактикалық тапсырмаларды орындайды

Фотосурет: ҚР ҚМ

Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде өткен жылдың күзінде шақырылған сарбаздардың жауынгерлік оқуы «Мәтібұлақ» полигонында қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Әскери қызметшілер жеке жауынгерлік міндеттерді орындау тәртібін меңгерген мамандық бойынша дайындық кезеңінен өткен соң бөлімшелерді үйлестіру басталды.

Жауынгерлік оқу: мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер тактикалық тапсырмаларды орындайды

Жауынгерлік атыс кезінде сарбаздар қозғалыс, атыстағы өзара іс-қимыл тактикасын пысықтайды, ал бөлім командирі әр жауынгердің мақсаттары мен міндеттерін айқындайды, олардың іс-қимылын үйлестіріп, тапсырмалардың орындалуын бақылайды.

Жауынгерлік оқу: мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер тактикалық тапсырмаларды орындайды

Бөлімше жауынгерлері өз міндеттерін орындап қана қоймай, ұрыс жағдайы өзгергенде жедел әрекет ете білуі керек. 

– Бөлімшелердің атысы – жауынгерлік даярлықтың негізгі кезеңдерінің бірі. Мақсатымыз – алға қойылған міндеттерді ойдағыдай орындай алатын мықты, тәртіпті жауынгерлік бірлік құру. Жас командирлер жеке құрамды басқару тәжірибесіне машықтанады. Сарбаздарды бөлімше құрамында жұмыс істеуге үйретеміз. Бұл үшін полигонда қажетті жағдайдың бәрі жасалған, – деп атап өтті танк бригадасы командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Айдын Асқаров.

Жауынгерлік оқу: мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер тактикалық тапсырмаларды орындайды

Бөлімшелер құрамындағы жауынгерлік атыстар командирлердің көшбасшылық қасиеттерін және әрбір әскери қызметшінің нәтижеге деген жауапкершілігін дамытуға ықпал етеді. Жауынгерлік дайындықтың келесі кезеңі взводтарды үйлестіру болмақ.

Источник: dknews.kz