үй Қазақстан жаңалықтары Жеңілдетілген автонесие: 6 ақпанда 761 адам өтінім бере алады ...

Жеңілдетілген автонесие: 6 ақпанда 761 адам өтінім бере алады Кеше, 11:37

29
0

6 ақпанда жеңілдетілген автонесие алуға 761 адамға дейін өтініш бере алады. Бұл туралы Өнеркәсіпті дамыту қоры басшысының орынбасары Ринат Ғаппаров

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Жеңілдетілген автонесие: 6 ақпанда 761 адам өтінім бере алады
                Кеше, 11:37

Фото:elements.envato.com

6 ақпанда жеңілдетілген автонесие алуға 761 адамға дейін өтініш бере алады. Бұл туралы Өнеркәсіпті дамыту қоры басшысының орынбасары Ринат Ғаппаров мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғаппаровтың айтуынша, қазіргі уақытта қолданыстағы автонесиелерді өтеуден жиналған ақша сомасы 7,6 миллиард теңге болады.

«Осы деректерді ескере отырып, пилоттық платформаны алғаш іске қосқан кезде 761 үміткерге дейін тіркеле алады. Осы санға жеткенде, платформада өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылады, ал «өтініш беру» функциясы жұмыс істемейді.

Алдағы уақытта платформада өтініштер ай сайын қабылданып, 100-ден аса үміткерді тіркеуге мүмкіндік береді», — деді қор басшысының орынбасары Ринат Ғаппаров.

Еске салайық, өтінімдерді қабылдау 6 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де басталады. Бұл туралы толығырақ — мұнда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz