үй Қазақстан жаңалықтары Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды

Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды

0

Фото: ғаламтордан

Астанада журналист Махамбет Әбжанға сот үкімі шықты.

Алматы, NEGE. «Махамбет Мұратбекұлы Әбжан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 3-бөлігі, 2-тармағы, 194-бабы 4-бөлігімен қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Және оған 274-баптың 3-бөлігі бойынша — 2 жыл, 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша — 9 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын», — деді Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотының судьясы Айжан Құлбаева.

Сарыарқа ауданының №2 Мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Әбжан көрінеу жалған ақпарат таратқаны және бопсалағаны үшін кінәлі деп танылды.

2022 жылдың 3 шілдесінде М. Әбжан 50 миллион теңге алған кезде ұсталды.

Сот сотталушының қылмыстық іс-әрекетін қауіпті қайталануы деп танды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әбжан екі рет сотталған болатын. Сонымен қатар, алаяқтық бойынша соттылық жойылған жоқ.

Бейне ақпарат қоса беріледі.

Источник: nege.kz

Exit mobile version