267 rob
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласында көркем гимнастика жарысы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Елорданың «Думан» спорт кешенінде көркем гимнастикадан кезекті қалалық ашық чемпионатын Астана қаласының көркем гимнастика федерациясының президенті Сайранбек Ербатырұлы Әбілқайыр ашты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жарыстың бірінші күнінде гимнастшылар жеке және топтық бәсекеде шеберліктерін ортаға салды.
Сондай-ақ ел намысын шетелдік аренада қорғап жүрген бірқатар жерлесіміз спорттық дәреже атағымен марапатталды.
Чемпионатта жас және спорт дәрежесіне байланысты төмендегідей жүлделер сарапқа салынып жатыр:
— Спорт шебері (2008 жылғылар және одан үлкендер) қыздар;
— Спорт шеберіне үміткер (2009-2011 жылғы) қыздар;
— 1 спорттық разряд (2012-2014 жылғы) қыздар;
— 2-3 спорттық разряд (2015 және одан кіші) қыздар.
Айта кетсек, 26-28 ақпан күндері сайыс халықаралық гимнастика федерациясының көркем гимнастикадан 2023-2024 ж қолданыстағы ережелеріне сәйкес өтуде.
Источник: dknews.kz