үй Қазақстан жаңалықтары Көшкін Шығыс Қазақстандағы жолды жауып тастады

Көшкін Шығыс Қазақстандағы жолды жауып тастады

5
0

368 Awrora

Көшкін Шығыс Қазақстандағы жолды жауып тастады

Фотосурет: Gov

Шығыс Қазақстанда қар көшкінінің өздігінен түсуі орын алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Қазселденқорғау» ММ ақпараты бойынша 2024 жылғы 11 ақпанда сағат 11.30 Самар ауданында, облыстық маңызды «Өскемен-Тарғын — Самар а.” автожолының 132 шақырымында жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 1300 м3 қар көшкінінің өздігінен түсуі орын алды. Зардап шегушілер мен қираулар орын алған жоқ. Қар көшкіні жолды толығымен жауып тастады. «Облшығысжол» ЖШС-нан 2 адам және 2 бірлік техникамен жолды тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Аталған орында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері орналасқан. Посттар қойылды.

Источник: dknews.kz