үй Қазақстан жаңалықтары Үкімет отырысында кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді іске асыру барысы қаралды

Үкімет отырысында кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді іске асыру барысы қаралды

0

190 rob

Бүгінгі таңда реттеудің барлық 44 саласы қаралды, деп хабарлайды DKNews.kz.

128 мың талап анықталды.

Олардың ішінде 10 108-і немесе 8%-ы жаңа реттеу саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмейді.

Заңға тәуелді актілер шеңберінде талаптардың күшін жою және қайта қарау бойынша жұмысты а.ж. I-II тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Заңдар бойынша.

Өзгерістерді талап ететін шамамен 66 заң актісі анықталды.

Қазіргі уақытта Министрлік бірыңғай пулды қалыптастыру мақсатында 15 сала бойынша түзетулер жинақтап алды, 17 сала бойынша түзетулер әлі күтілуде. Түзетулердің бірыңғай пулы әзірленіп, келісілгеннен кейін Парламентке енгізу сатысында тұрған Бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізіледі.

«Осыған байланысты, мемлекеттік органдарға жұмыс тобының мүшелерімен кодекстерге/заңдарға өз түзетулерін жедел пысықтауды тапсыруды және олардыи жинақтау үшін бiр аптаның iшiнде Ұлттық экономика министрлігіне ұсынуды, сондай-ақ құзыреті бойынша заңға тәуелді актілерге түзетулер енгізуді қамтамасыз етуді сұраймын», — деді Ә.Қуантыров.

Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі Цифрлық үкіметті қолдау орталығының базасында құрылды және Smart Data Ukimet платформасында іске қосылды.

Тізілімнің ерекшелігі — тізілімнен шығарылған және мерзімінде жойылмаған талаптарды бұзғаны үшін кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершіліктен босату.

Тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру бойынша.

2022 жылы

Мемлекеттік бақылаудың 35 саласы автоматтандырылды.

16 ақпараттық жүйе «Smart Data Ukimet»-ке интеграцияланды.

2023 жылы

Бақылаудың қалған 35 саласын автоматтандыру жоспарлануда.

«Smart Data Ukimet базасында автоматтандырылған жүйенің толыққанды жұмыс істеуі мақсатында мемлекеттік органдардан жетекшілік ететін ақпараттық жүйелерден базаны өз көрсеткіштерімен толтыру талап етіледі»,-деді министр.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version