үй Қазақстан жаңалықтары Үкіметте егіс науқанының қарсаңында жанар-жағармай нарығын толықтыру шаралары қаралды

Үкіметте егіс науқанының қарсаңында жанар-жағармай нарығын толықтыру шаралары қаралды

0

342 Awrora

Фотосурет: Depositphotos

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанның ішкі нарығын жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атап айтқанда, егіс науқанының қарсаңында ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толықтыру, делдалдық схемалардың алдын алу, сондай-ақ жалпы сауда-саттықтың ашықтығын арттыру шаралары қаралды.

Талқылауға Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылары қатысты.

Премьер-Министр өндірушілерің ішкі нарыққа жанар-жағармай материалдарын үздіксіз жеткізуін қамтамасыз ету, сондай-ақ кез келген жағдайға уақытылы жедел әрекет ету үшін қорлар мен сатылымдарға тұрақты режимде мониторинг жүргізу қажеттігіне назар аударды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version