үй Қазақстан жаңалықтары Конституциялық Сотта жүгіну кезінде қателіктер жібермеу туралы айтылды

Конституциялық Сотта жүгіну кезінде қателіктер жібермеу туралы айтылды

17
0

276 rob

Конституциялық Сотта жүгіну кезінде қателіктер жібермеу туралы айтылды

Фотосурет: Gov

Қазіргі таңда (4 қаңтар мен 13 ақпан аралығында) Конституциялық Сотқа мыңнан астам азаматтан өтініштер келіп түсті, ол арыздардың басым бөлігі білгіленген талаптарға сәйкес берілмегенін ескере отырып, оларға түсіндірмелермен жауаптар жолданды, ал қалғаны өтініштерді қараудың бастапқы сатысында қарастырылып жатыр. Конституциялық өндіріске 9 өтініш қабылданды, деп хабарлайды DKNews.kz.

 Бұл жағдай арызданушылардың өтініштерді алдын-ала тексеру сатысында анықталған қателіктеріне байланысты болып отыр, деп хабарлады ҚР Конституциялық Соты.

Шағымдарды дайындау сапасын арттыру мақсатында жиі жіберілетін, соның салдарынан өтініштер қайтарылуы мүмкін кемшіліктерге назар аударамыз:

1) егер өтініш басқа біреудің ЭЦҚ-сымен жолданса, өтініш берушінің келісімін растайтын құжатсыз заңды өкіл арқылы берілсе не Конституциялық Сотқа жүгіну құқығына ие субъектілердің санатына кірмейтін тұлғалардан (ЗТ, ЖК, ШҚ басшысы және т. б.) келіп түссе; 

2) егер өтініш беруші Конституциялық соттың құзыретіне қатысы жоқ қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне не құқық қорғау органдары мен басқа да лауазымды адамдардың әрекеттеріне шағымдануға тырысқан жағдайда; 

3) егер өтініш беруші құқықтық актілер нормаларының Конституцияға сәйкестігін дауласа және бұл ретте олардың жеке құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты екенін көрсететін толық дәлелдер келтірмесе не нақты норманы немесе оның жекелеген ережелерін нақтыламай, тұтас құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы мәселені негізсіз қойса өтініш иесіне жолданады. 

Бұл ретте заңнама барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін және өтініш Конституциялық Сотқа жүгінудің нысаны, мазмұны мен шарттары бойынша талаптарға сәйкес келтірілгеннен кейін қайта жүгіну мүмкіндігін қарастырады. 

КС сайтында азаматтардың конституциялық бақылау органына өтініш жазу үлгісі мен жадынама орналастырылған, олармен төменде көрсетілген сілтемелер арқылы танысуға болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/489005?lang=kk 

https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/400497?lang=kk 

Источник: dknews.kz