273 rob
Фотосурет: ҚР ЦДИАӨМ
1 ақпанда Digital Almaty 2024 жыл сайынғы Халықаралық цифрлық форум шеңберінде ҚР ЦДИАӨМ Электрондық өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директоры Ғиззат Байтұрсынов, ҚР ҚНРДА Қаржы нарығындағы теріс пайдалануларға қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мақсат Шағдаров, АХҚО Лицензиялау және қаржы технологиялары офисінің басқарушы директоры Еркеғали Еденбаетың қатысуымен, «Криптобиржалардың екінші деңгейлі банктермен өзара іс-қимылы жөніндегі пилоттық жобаның аяқталуы бойынша» брифинг өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
2021 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Қазақстан Республикасында криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту жөніндегі Жол картасын бекітті және АХҚО криптобиржаларының қазақстандық Екінші деңгейделі банктермен өзара іс-қимылы жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру бойынша мемлекеттік органдардан жұмыс тобы құрылды.
2022 жылдың желтоқсанында АХҚО мен қазақстандық ЕДБ криптобиржаларының өзара іс-қимылы бойынша пилоттық жоба іске қосылды.
«Жобаның басты мақсаты Қазақстан Республикасында бөлшек және кәсіби инвесторлардың құқықтарын қорғау үшін маңызды болып табылатын қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен сауда жасау үшін реттелетін орта құру. Бір жарым жыл ішінде біз нарық қатысушыларымен тығыз қарым-қатынас жасадық, бұл бізге айтарлықтай жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, біз АХҚО криптобиржалары мен қазақстандық ЕДБ арасындағы ынтымақтастықтың тиімді тетіктерін орната алдық, бұл тиісті реттеуші базаны қамтамасыз етуге ықпал етті» ҚР ЦДИАӨМ Электрондық өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директоры Ғиззат Байтұрсынов
Пилоттық жобаның аяқталу кезеңінде 6 криптобиржа (Binance Kazakhstan», «Biteeu Eurasia Ltd.», «Top Line Limited», «Upbit Eurasia Ltd.», «Bybit Limited», «ATAIX Eurasia Ltd.») және 8 ЕДБ («Алтын Банк «АҚ», Халық Банк «АҚ», Банк Центркредит «АҚ», Еуразиялық банк «АҚ», Нұрбанк «АҚ», «Заман банк» Ислам банкі «АҚ», Bereke Bank «АҚ» Банк Фридом Финанс Қазақстан «АҚ») бар.
АХҚО лицензиялау және қаржылық технологиялар Кеңсесінің басқарушы директоры Еркеғали Еденбаев пилоттық жобаның нәтижелері туралы айтып берді.
«Пилоттық жоба кезеңінде жалпы айналым 239 млн $ құрады, транзакциялар саны 63 000 мың, ал клиенттердің жалпы саны 52800 мың» Еркеғали Еденбаев.
Сәтті сынақтан өткізу қорытындысы бойынша қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер биржасы мен Қазақстан Республикасының цифрлық активтерімен және екінші деңгейдегі банктерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар АХҚО қатысушысының өзара іс-қимыл тәртібі мен тетігі бекітілді. Бұл қадамдар Қазақстанда криптоиндустрияны одан әрі дамытуға ықпал етеді, елдің қаржылық инновациялар орталығы ретіндегі тартымдылығын арттырады.
Источник: dknews.kz