үй Қазақстан жаңалықтары Әлемдік лицензиялық турнир: елордалық боксшылар дайындықты бастады

Әлемдік лицензиялық турнир: елордалық боксшылар дайындықты бастады

29
0

202 rob

Әлемдік лицензиялық турнир: елордалық боксшылар дайындықты бастады

Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін әлемдік лицензиялық турнирге дайындық аясында бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жиынға 80-ге жуық боксшы қатысуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Олардың арасында әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын елордалық боксшылардан бөлек, Ұлттық құраманың өзге де мүшелері мен әр облыстың құрамалары бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әлемдік лицензиялық турнир: елордалық боксшылар дайындықты бастады

«Жігіттердің дайындықтары жақсы. Басты акцентті лицензиялық турнир алдында боксшылардың тактикалық және техникалық дайындықтарына қойып жатырмыз. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан барлық жағдай жасалуда. Енді 29 ақпан күні Италияға ұшамыз», — деді ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Әлемдік лицензиялық турнир: елордалық боксшылар дайындықты бастады

Айта кетейік, Апеннин түбегіндегі турнирге Астана қаласының былғары қолғап шеберлері қатысады. Олар: 80 келідегі Нұрбек Оралбай мен 92 келідегі Айбек Оралбай.

Әлемдік лицензиялық турнир: елордалық боксшылар дайындықты бастады

Италиядағы турнирге қатыспайтын боксшыларымыз Сербия, Литва, Әзербайжан елдеріндегі халықаралық турнирлерде өнер көрсетеді. Сондай-ақ, оқу-жаттығу жиынынан кейін боксшылардың бірқатары Атырауда өтетін Болат Теміровті еске алуға арналған халықаралық турнирде бақ сынайды.

Ал Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін әлемдік лицензиялық турнирде ерлер арасында 28 лицензия сарапқа салынады. Қазіргі таңда Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының бір лицезиясын иеленген. Былтырғы Жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев жеңіп алған.

Источник: dknews.kz