үй Қазақстан жаңалықтары Ұлттық экономика министрі Қонаев қаласындағы өндірістік нысандарды аралады

Ұлттық экономика министрі Қонаев қаласындағы өндірістік нысандарды аралады

0

221 Awrora

Алматы облысына жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров «Маревен Фуд Тянь-шань» азық-түлік өндіру зауытында болды. Мұнда ол тез дайындалатын макарон өнімін, алкогольсіз сусын мен дәмдеуіш өндіру процесімен танысты. Жергілікті өнім жақын және алыс шет елдерге экспортталады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кәсіпорын 2018 жылдан бері жұмыс істейді. 850 адамды жұмыспен қамтып, қала экономикасында маңызды орын алып отыр. Олардың көпшілігі – жақын маңдағы елді мекен тұрғындары.

 «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша зауытты іске қосу үшін қажетті инфрақұрылым жүргізуге көмек көрсетілді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 593 млн.теңге тартылған. Жалпы кәсіпорынға салынған инвестиция көлемі 35 млрд. теңге. Өндірістік қуаты жылына 85 мың тонна дайын өнімге жетеді.

 «Маревен Фуд Тянь-Шань» басқарушы директоры Станислав Дегтяревтің айтуынша, кәсіпорынды тиімді дамыту үшін экспорттық ҚҚС қайтару мәселесін шешу қажет.

 «Сондай-ақ, жаңа өндірістік желілерді орнату үшін қосымша газ, су және электр қуаты қажет. Болашақта логистикалық қолжетімділікті жақсарту үшін тағы бір теміржол желісі тартылуы тиіс», — деді ол.

Сонымен қатар, министр балық өнеркәсібі кешені құрылысымен танысты. Оның жалпы қуаты – жылына 10 мың тонна теңіз балығы. Баррамунди (аустралиялық сибас) балығын өсіру ойда бар. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар аяқталып, бассейндердің іргетасы қаланды.

Құны 67 млрд. теңге болатын кешенді іске қосу балық импортын алмастыруға ықпал етеді. Экспорт көлемін де ұлғайту жоспарлануда. Сондай-ақ, кәсіпорында 500 адамға арналған жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

 «Инфрақұрылым жүргізу қажет. Біз сумен, газбен жабдықтау, электр мен кәріз желілерін тартуға бюджеттік өтінім бердік. Мақұлдануын күтеміз. Барлығы 900 млн. теңге», — дейді зауыт өкілдері.

Министр көтерілген мәселелер Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, мұқият зерделенетінін айтты.

 «Жалпы, мұндай кәсіпорындар өңірге, әсіресе азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет», — деп атап өтті ведомство басшысы.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version