үй Қазақстан жаңалықтары Ұлттық экономика министрі Қонаев қаласының бас жоспарымен танысты

Ұлттық экономика министрі Қонаев қаласының бас жоспарымен танысты

19
0

160 Awrora

Ұлттық экономика министрі Қонаев қаласының бас жоспарымен танысты

Алматы облысына жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров Қонаев қаласының бас жоспарымен және «G4 City» ақылды қала жобасымен танысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгінгі таңда Қонаев қаласының аумағы 9 мың га құрайды. Жаңа жоспар бойынша қала шекарасы 19 мың га болады. Демографиялық болжамға сәйкес, Қонаев қаласы халқының саны 2050 жылға қарай 200 мың адамға жетеді.

Ұлттық экономика министрі Қонаев қаласының бас жоспарымен танысты

Негізгі әкімшілік ғимараттар Қонаев қаласының қазіргі шекара аумағында орналасады. «Жаңа Іле» алаңында әлеуметтік, тұрғын үй және мәдени нысандар салынады.

Ұлттық экономика министрі Қонаев қаласының бас жоспарымен танысты

Қапшағай су қоймасы мен Іле өзені су туризмін жедел дамытуға мүмкіндік береді. Болашақта сервисті халықаралық деңгейге жеткізіп, ірі жарыстар мен спорттық жиын өткізу жоспарлануда.

Ойын бизнесі аймағы мәдени-ойын-сауық нысандарымен біріктірілген жағдайда жетекші халықаралық туристік аймаққа айналады,-дейді бас жоспарды жасаушылар.

Ұлттық экономика министрі Қонаев қаласының бас жоспарымен танысты

Бүгінде 107 тұрғын үй, 5 мектеп пен 2 емхананың құрылысы басталды.

Ұлттық экономика министрі Қонаев қаласының бас жоспарымен танысты

Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 44,7 млрд. теңге, жолдарды жөндеуге 7,5 млрд. теңге қажет.

Ұлттық экономика министрі Қонаев қаласының бас жоспарымен танысты

«Қонаев қаласын дамыту, сондай-ақ «G4 City» жобасын іске асыру демографиялық және іскерлік белсенділік қысымды төмендетеді және осы қысымды Алматыдан агломерацияға көшіруге мүмкіндік береді. Облыстың әлеуеті зор. Болашақта біз Алматы облысын республикалық бюджеттің реципиентінен бюджет донорына айналдыруды жоспарлаудамыз. Инвесторлардың қызығушылығын көріп отырмыз. Үкімет кейбір жобаларды жүзеге асыруға айрықша назар аударатын болады. Мысалы, қаланың жаңа бөлігінде инфрақұрылым салу, сондай-ақ ескі қаладағы тозған инфрақұрылымды жаңарту. Онда желілердің тозуы 90%, бұдан да жоғары. Бұл көп облыста бар проблема. Осы салада атқарылатын жұмыс көп. Қолдау көрсетіледі» Әлібек Қуантыров

Бүгінгі таңда Қонаев қаласының бас жоспары уәкілетті органға кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін бағытталды. 

Источник: dknews.kz