үй Қазақстан жаңалықтары Ұлытау облысының аумағында су тасқыны қаупі бар 29 елді мекен анықталды

Ұлытау облысының аумағында су тасқыны қаупі бар 29 елді мекен анықталды

0

453 rob

Аталған елді мекендердегі тұрғын үйлердің саны 648, адам саны 3262 құрайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгінгі таңда «Ұлытау өңірін әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары» өңірді дамыту бағдарламасы шеңберінде 6 іс-шарадан тұратын кешен жоспарланған.

Ұлытау облысында жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мүдделі мекемелермен бірлесіп паспорттау, облыс аумағында орналасқан өзен, көлдерді, тоғандарды, су қорғау аймақтарын анықтау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жоғарыда аталған іс-шаралар кешені Ұлытау облысының аумағында су тасқыны қаупі бар елді мекендерді азайтуға бағытталған.

2023 жылғы наурыздан бастап азаматтық қорғау мен облыстың кіші жүйесінің жұмыс істеуі «күнделікті қызмет» режимінен «жоғары дайындық» режиміне ауыстырылатын болады.

Су тасқыны кезеңінің өту барысы, облыс аумағындағы қар мен мұз жамылғысының жай-күйі күнделікті ғарыштық мониторингі бар шолу карталарының көмегімен жүргізілетін болады.

«Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде басқару органдарының, қалалық, аудандық шұғыл ден қою жасақтарының және тартылатын басқа да бөлімшелердің өзара іс-қимылы мәселелері пысықталатын болады.

Қолайсыз және қауіпті су тасқыны жағдайында барлық қалалардағы, аудандардағы ахуалды күнделікті мониторингтеу және болжау мақсатында жедел штабтар ұйымдастырылады.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version