үй Қазақстан жаңалықтары Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттарға Nege.kz сайтында интернет кеңістігін беру шарттары

Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттарға Nege.kz сайтында интернет кеңістігін беру шарттары

9
0


                Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттарға Nege.kz сайтында интернет кеңістігін беру шарттары

Фото: ғаламтордан

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін «NEGE Media» ЖШС-ның www.nege.kz сайтында интернет-алаңдарды ұсынудың жалпы шарттары.

«NEGE Media» компаниясы ЖШС www.nege.kz сайтының иесі (бұдан әрі-Сайт) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізімдер бойынша, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша және мәслихаттар депутаттығына (бұдан әрі — Кандидат) кандидаттарды төлем мөлшері туралы хабарлайды, сайлауалды үгіт материалдарын Интернет-ресурста (бұдан әрі – Сайт) орналастыру үшін интернет кеңістігін ұсыну шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының сайлауы Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №104 жарлығымен және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 18/669 қаулысымен 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған.

Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша, сайтта үгіт материалдарын орналастыру 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ден кейін басталып, 2023 жылдың 18 наурызында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Сайт Интернет-алаңды жазбаша өтініш пен Сайт иесі мен кандидат арасында не кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалатын шарт негізінде ұсынады.

Үгіт материалдарының саны мен орналастыру кезеңі кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шартта тіркеледі.

Өтініш кезектілік тәртібімен кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында әрбір жазбаша өтінішке өтініштің реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.

      Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

       1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

       2) кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

       3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

       4) шарт жасасу үшін адамның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Орналастырылған материалдар Desktop нұсқасында, мобильді нұсқада және сайттың мобильді қосымшасында қол жетімді болады.

Үгіт материалдары сайтқа орналастыру күніне дейін 1 (бір) күнтізбелік күннен кешіктірмей, JPEG, PNG, Microsoft World форматында ұсынылады.

Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпарат берген тұлғаның тегі болуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Сайттың меншік иесі үгіт материалдарын орналастырудан мынадай жағдайларда бас тартуға құқылы: егер оларда республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты қоздыру, заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеялары болса, сондай-ақ оларда басқа депутаттыққа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруге қабілетті ақпарат болған жағдайда. Үміткер Сайт иесінің талабы бойынша жоғарыда көрсетілген сипаттағы материалдарды растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңдарды ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Материалдарды орналастыру құны:

1. www.nege.kz сайтының жоғарғы бөлігіндегі басты баннер 1120х100 + mob.ver 330х80 пиксель, jpeg/png – 200 000 теңге 1 (бір) апта үшін, ҚҚС-сыз;

*2. Басты беттің жанындағы баннер, көлемі 100х1000 пиксель, тек десктоп jpeg/png – 100 000 теңге 1 (бір) апта үшін ҚҚС-сыз;

*3. Сайттың төменгі жағындағы көлденең баннер 1120х100 + mob.ver 330х80 пиксель jpeg/png – 150 000 теңге 1 (бір) апта үшін ҚҚС-сыз;

*4. Слайдердегі басты материал (бас тақырып) 5 фотомен және сөз арасындағы бос орынды қоса есептегенде 3000 символдан аспайтын көлемде – 450 000 теңге, ҚҚС-сыз;

*5.   Сайттың жаңалықтар лентасындағы материал 5 фотомен және сөз арасындағы бос орынды қоса есептегенде 3000 символдан аспайтын көлемде – 350 000 теңге, ҚҚС-сыз;

*6. Telegram каналымыздағы пост – 100 000 теңге, ҚҚС-сыз;

*10. Instagram парақшамыздағы пост немесе сторис – 50 000 теңге, ҚҚС-сыз;

* Орналастыру құны ҚҚС есебінсіз есептеледі, өйткені «NEGE Media» компаниясы ЖШС Салық кодексінің нормаларына сәйкес ҚҚС төлеуші саналмайды.

Источник: nege.kz