үй Қазақстан жаңалықтары ҚМА Анатолий Балушкинді сотқа дейінгі тергеу органына шақырды

ҚМА Анатолий Балушкинді сотқа дейінгі тергеу органына шақырды

20
0


                ҚМА Анатолий Балушкинді сотқа дейінгі тергеу органына шақырды

Фото: ғаламтордан

Қаржылық мониторинг агенттігі ҚР ҚПК нормаларына сәйкес Қазақстаннан тыс жерде жүрген және келуден жалтарып жүрген күдікті 28.05.1970 ж. туған Анатолий Михайлович Балушкинді сотқа дейінгі тергеу органына шақырды. 

Алматы, NEGE. «Күдікті Балушкин А.М. 2023 жылғы 10 ақпанда сағат 17:00-ге дейін тергеу амалдарын жүргізу үшін Өскемен қаласы, Новаторов көшесі, 7/2 мекенжайы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің әкімшілік ғимаратына келуі қажет», — делінген хабарламада. 

Тергеу әрекеттеріне қатысу үшін күдікті Балушкин А.М. қорғаушыны өз бетінше шақыруға немесе қылмыстық процесті жүргізетін органның қорғаушының қатысуы туралы өтінішхат беруге құқылы (ҚР ҚПК-нің 68-бабы).

Қорғаушыны күдікті немесе оның заңды өкілдері, сондай-ақ олардың атынан өзге де адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді (ҚР ҚПК-нің 67-бабы).

Источник: nege.kz