үй Қазақстан жаңалықтары Маңғыстау Антикор 20-дан аса шағын бизнес иесіне көмектесті

Маңғыстау Антикор 20-дан аса шағын бизнес иесіне көмектесті

24
0

239 rob

Маңғыстау Антикор 20-дан аса шағын бизнес иесіне көмектесті

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ете отырып, бизнес субъектілерінің мәселелеріне ден қоюда. Департаментпен кәсіпкерлердің сұрақтарын тыңдалып, қабылдау жүргізген соң кейбір проблемалық мәселелер оңтайлы шешімін тапты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Департамент басшылығының қабылдауына келген 20-дан астам шағын бизнес өкілдері Ақтау қаласының әкімдігіне қарасты «Ақбота» саябағының аумағында бөлшек сауда қызметін жүзеге асыруға рұқсатын ұзартпағаны туралы шағымданды.

«Antikor» орталығында Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары мен шағын бизнес иелерінің қатысуымен жұмыстық кездесу ұйымдастырылып, нәтижесінде жергілікті атқарушы орган тарапынан кәсіпкерлерге рұқсатты ұзарту туралы шешім қабылдады.

Источник: dknews.kz