Көп ұзамай асүйлерде қыздырылып, қайнатылып, бұқтырылып жаңажылдық ас дайындау басталады. Үйдегілер бұршақ жабылған банкаларын ашып, шұжық пен
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Magnum қазақстандықтар үшін Жаңа жылға не дайындайды? Көп ұзамай асүйлерде қыздырылып, қайнатылып, бұқтырылып жаңажылдық ас дайындау басталады. Үйдегілер бұршақ жабылған банкаларын ашып, шұжық пен жұмыртқаны ұсақтап турап, ірімшік пен көкөністерді үккіштен өткізеді. Бірақ егер үйдегі әбігерге көңіліңіз соқпаса немесе жай ғана ас үйде сиқыр жасауға уақытыңыз болмаса, дайын дастарханға келуге болады. Біз Magnum-ның бас технологы Наталья Киммен жаңажылдық рецепттер және «бәрі дайын» туралы әңгімелестік. — Наталья, қазақстандықтарды Жаңа жылда немен қуантасыздар? Арнайы мерекелік мәзір бола ма?
— Жаңа жылға тұтынушыларымыз ең жақсы көретін дәмдерді дайындаймыз. Бұл дәстүрлі оливье, «селедка под шубой», краб салаты, маринадталған көкеністер, желенің әртүрлі түрі, қайнатылған тіл, галантин, қайнатылған қазы, ысталған қазы, форель стейктері, ақсерке. Биылға, әсіресе, болгар бұрышы, пиязбен ұсынылатын шортанды ұсынамын — бұл жаңажылдық дастарханның нағыз сәні!
— Рецепттерді бөлісесіз бе? Қарапайым, қымбат емес, дәмді және жаңа нәрсе болса.
— Бізде мұндай рецепт көп. Мысалы, «Изумруд» салаты. Ол үшін қайнатылған тауық еті, аздап қуырылған қозықұйрық, консервіленген ананас, ірімшік, пісірілген жұмыртқа, майонез және киви қажет болады. Барлығы қабат-қабат салынады: тауық еті, саңырауқұлақтар, майдалап туралған ананас, ірімшік және жұмыртқа. Тұз және бұрыш — дәміне қарай. Әр қабатқа жұқалап майонез жағылуы керек, ал үстіңгі қабат киви тілімдерімен безендірілуі керек. Салат ерекше, өте әдемі және дәмді болып шығады.
Міне, тағы бір қарапайым, керемет салат. Алғашында оны «Жаңа жыл» деп атағымыз келді, өйткені ол түрлі-түсті, қысқы мейрамға дәл келеді. Бірақ онда салатты жылына бір рет қана дайындау керек болады. Біз оны кез келген уақытта өзекті болады деп ойладық және «Мереке» деп атадық. Дайындау үшін тауық еті, жұмыртқа, сәбіз, қызылша, грек жаңғағы, майонез, сарымсақ және анар аламыз. Тауық, жұмыртқа, сәбіз және қызылша қайнатылып, майдалап туралған болуы керек. Майонезге біраз сарымсақ қосыңыз. Бәрін тағы да қабаттап салып, үстіне жаңғақтар мен піскен анар дәндерін себіңіз. Қараңызшы — қандай сұлулық!
«Заливные пироги» өте тез дайындалады. Жаймаға: 100 грамм қаймақ, 150 грамм айран, 150 грамм ұн, 4 жұмыртқа, тұз, қант және қопсытқыш (немесе кәдімгі сода). Тұз, қант, қопсытқышты ыдысқа салып, айран құйып, араластырамыз. Қаймақ, жұмыртқа қосып, қолмен немесе орташа жылдамдықта миксермен айналдырыңыз. Ұнды қосып, қайтадан араластырыңыз. Қамыр қою қаймақ сияқты болуы керек.
Ішіне кез келген нәрсе салуға болады, бәрі сіздің қиялыңызға байланысты. Мысалы, тәтті бәліш үшін қант пен даршын қосылған алманы аздап қуыруға болады. Тойымды болуы үшін — пияз және картоп қосылған тауық еті. Үйде ет пен ірімшікті текшелеп кесіп салуға болады. Ыдысты майламауға да болады, оған қамырдың жартысын құйып, ішіндегісін салып, қалған қамырды бетіне салу керек. Бәліш 160 — 180 градуста 40 минут пісіріледі. Дайын болғанын таяқшамен тексеруге болады — егерде таяқшада шикі қамыр қалмаса, онда дайын!
Бұл қарапайым мәзір, әрбір үй шаруасындағы әйел жасай алады. Ал уақыт пен күш-жігеріңізді үнемдегіңіз келсе, бізге келіңіз! Бізде салаттың 130-дан аса түрі бар, және 240 түрлі ыстық тағам.
— Әр мерекеге ерекше нәрсе дайындайсыздар ма?
— Бәрінің сүйікті мерекесі — Наурыз. Барлық Magnum дүкендерінде тұтынушыларға наурыз-көже, ыстық бауырсақтарды тегін дайындаймыз. Қазы, қытырлақ тәттілерді көп пісіреміз.
Мәзір маусымға байланысты өзгереді. Көктемде бәрі окрошканы қалайды, бірнеше түрін дайындаймыз. Жазда баклажан мен кәді көп болған кезде өсімдік майынан түрлі көкөніс салаттарын жасаймыз. Күзде Хэллоуинге арналған арнайы мәзір: прованс шөптері қосылған асқабақ, бал қосылған асқабақ, бәліштер, салаттар, самса — бәрі асқабақпен. Ал қыста көп калориялы тағамдар, майонез қосылған салаттар, қуырылған тағамдар жақсы үйлеседі.
— Ал жылдың барлық мезгілінде де танымал тағамдар қандай?
— Бізде топ-10 салат және топ-10 ыстық тағам бар. Ас үй тағамдары сатылымының жартысына жуығы сол тағамдар.
Ең танымал салаттар — оливье, «селедка под шубой», корей салаттары, теңіз қырыққабаты, «Гнездо глухаря» және караб салаты — кез келген аймақта жылдың кез келген уақытында сүйікті тағам. Тұздалған қияр да жыл бойы сұранысқа ие. Әсіресе тұздалған және ашытылған қырыққабат: классикалық немесе саңырауқұлақтар, дәмдеуіштермен.
Ыстық астан негізгі бестселлер — пісірілген тауық, палау, бізде оның 6 түрі бар және бәліштер. Ыстық жаңа піскен бәліштер үшін адамдар таңертең кезекте тұрады. Күн сайын Magnum бүкіл ел бойынша 22 000 бәліш жасайды. Күннің аяғына қарай ештеңе қалмайды.
Бірақ біз дәстүрлі тағамдармен шектелмейміз, тұтынушыларымызды үнемі жаңа рецепттермен қуантқымыз келеді. Әдетте мынадай болады: технологтар жиналып, ойларын ортаға салады. Әркім ескі кітаптардан тапқан, интернеттен көрген, шетелде ішіп көрген, т.б. бірнеше рецеп ұсынады. Біз үздік бестікті таңдаймыз, пісіреміз, әріптестер мен басшылықты дәм татуға шақырамыз. Нәтижесінде өндіріске енгізген бір-екі тағам ғана іріктеуден өтеді. Біз дайындайтын барлық тағам табиғи, таза.
— «Табиғи» деген нені білдіреді?
— Бұл тағам дайындау процесінде ешқандай дәм күшейткіштерді, жасанды бояғыштарды, қоюландырғыштарды, хош иістендіргіштерді, консерванттарды және басқа химиялық заттарды қолданбайтынымызды білдіреді. Біз қарапайым өнімдерден пісіреміз. Егер ет болса, онда соя алмастырғыш емес, нақты ет. Май болса, күнбағыс майы, басқа майлар емес.
Тағам майын пайдалану үнемді. Ол қышқылданбайды және ұзақ сақтауға болады. Ол аз күйеді, сондықтан бірнеше күн қатарынан қолдануға болады. Бірақ адам денсаулығы үшін мұндай май зиян, біз ондан толығымен бас тарттық.
Қуыруға тек күнбағыс майын қолданамыз. Әр филиалда таңертең қуыруға арналған табаға 40 литр май құйып, бір күндік бәліштер партиясын дайындаймыз. Осыдан кейін май толығымен төгіліп, келесі күні жаңасын аламыз.
Жақсы майға пісірілген бәліштер қызарып піседі және иісі тәбет шақырады. Егер май сапасыз немесе күйіп кетсе, онда оны дәмі мен иісі арқылы міндетті түрде сезесіз. Ал егер тағам майына піссе, онда салқындаған бәліштерде парафинге ұқсас жұқа қабат пайда болады.
— Ал химиялық қоспалар қосылғаны сезіле ме? Әлде олардың табиғиға ұқсас болғаны сонша, оны ажырату мүмкін болмай қала ма?
— Әрине, химиялық қоспалар оңай сезіледі. Олардың мұрынға бірден сезілетін айқын иісі бар. Дәмі тәтті. Пісірілген тағамға барынша айқын түс беріп тұрады. Мысалы, біз бір тауықты тұздап, бұрыш қосып, паприкамен араластырамыз. Екіншісіне синтетикалық тауық дәмдеуіштерін қосайық. Қуырылғаннан кейін екінші тауықтың табиғи емес ерекше дәмі, түсі мен хош иісі болады, айырмашылықты бірден көресіз.
Мен синтетикалық қоспаларды қолдануға үзілді-кесілді қарсымын. Өйткені бұл сатып алушыға қатысты әділетсіздік. Олар өнімнің табиғи дәмін өзгертеді, кез келген кемшілікті жасырады, осыған байланысты не жеп жатқаныңызды түсінбейсіз. Егер тағам табиғи болса, сіз балғын және жоғары сапалы өнімдер қаншалықты дәмді дайындалғанын сезе аласыз.
— Бұл дайын тағам бағасына қалай әсер етеді?
— Біздің жұмыстағы ең қиыны — баға мен сапа арасындағы теңгерімді табу. Ортасын іздейміз. Бағалар мүмкіндігінше төмендетілді. Бірақ сапаны төмендетпейміз. «Магнум» — Қазақстандағы ең ірі сауда желісі, біз көп жағынан елдегі өркениетті сауда стандарттарын белгілейміз. Адамдарды сапасыз немесе зиян өнімдермен тамақтандыра алмаймыз.
— Жұмыстарыңыз қандай стандарттармен реттеледі?
— 2018 жылы «Магнум» қазақстандық сауда желілерінің ішінде бірінші болып ХАССП (Hazard Analysis and Critical Control Point — «Қауіптерді талдау және сыни бақылау нүктелері») халықаралық сертификатын алды. Бұл өндірістің барлық кезеңінде азық-түлік қауіпсіздігі мен сапасын жүйелі бақылауды қамтамасыз ететінімізді растайды.
Біздің асханалардың әрқайсының жеке сертификаты бар. Әрқайсы мұқият тексерілді — көкөністерді қабылдау және қайта орау, ыстық цех, салат цехы және басқалары қалай ұйымдастырылған.
Ай сайын барлық қызметкер ХАССП тренингінен өтеді. Компанияда осының бәрін бақылайтын жеке ХАССП менеджері бар. Сондай-ақ, компанияда үлкен бөлім бар — сапаны бақылау қызметі, ол бізді мұқият бақылайды, және, әрине, санитарлық-эпидемиологиялық станция тұрақты түрде тексеру жүргізеді. Жалпы, біз әрқашан жақсы формадамыз, тазалық пен тәртіпті сақтамау мүмкін емес.
— Командаңыз туралы айтып беріңізші.
— Еліміз бойынша «Магнум» асханаларында күн сайын 1200 аспаз жұмыс істейді. Олар технологиялық карталарға сәйкес жұмыс істейді, бұл әрбір тағамды дайындау процесі ең кішкентай бөлшектерге дейін сипатталған құжат. Мұндай карталарды технологтар жасайды. Менің командамның өзегі — жеті технолог. Олардың әрқайсы белгілі бір аймақта «Магнум» өндірісіне жауап береді. Біздің компанияда өскен жастар. Олар «Магнумда» 18-20 жастарында ас үйдегі ең қарапайым жұмыстарды істеп бастаған. Сонымен қатар, орта арнаулы және жоғары білім алды. Бүгінде олардың бәрі сертификатталған тамақ технологтары және әрқайсында 8-10 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.
Мен командамның қолынан бәрі келеді деп жиі айтамын! Ойлап табу, пісіру, бүкіл процесті нақты сипаттау, аспаздарды оқыту, өндірісті баптау, жаңа жабдықты меңгеру, тәулігіне 24 сағат жұмыс істеу. Мен біздің командамен мақтанамын!
Бәріміз сүйікті тұтынушыларымызды Жаңа жылмен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық пен амандық тілейміз! Сіздерді әрқашан дәмді және пайдалы тағаммен қуантуға тырысамыз!
Жарнамалық материал
Источник: kaz.tengrinews.kz