үй Қазақстан жаңалықтары Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады

Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады

13
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франсуаза Жолиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы өзара тиімді байланыстарды дамытуға деген шынайы ниеттің белгісі саналатынын атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


      Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің  жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады

Мемлекет басшысы биыл елдеріміз дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтетініне тоқталып, Конго Республикасымен ықпалдастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

Өз кезегінде Франсуаза Жоли құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Президент Дени Сассу-Нгессоның ізгі тілегін жеткізді.

Кездесуде Конго Республикасы Президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы сапарына қатысты мәселелер, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно

Источник: kaz.kazlenta.kz