үй Қазақстан жаңалықтары Министрлік Түркияға туристік жолдама сатып алған қазақстандықтарға үндеу жасады

Министрлік Түркияға туристік жолдама сатып алған қазақстандықтарға үндеу жасады

8
0


                Министрлік Түркияға туристік жолдама сатып алған қазақстандықтарға үндеу жасады

Фото: ғаламтордан

Түркияға жолдама сатып алған қазақстандық туристер тарапынан осы уақытқа дейін Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Туризм комитетіне туристік жолдамалардың күшін жою немесе қайта брондау туралы өтініштер түскен жоқ, деп хабарлады ведомства.

Алматы, NEGE. Министрліктің айтуынша, Туристік жолдамадан бас тартқысы келетін азаматтар туроператорларға жүгіне алады, олар ілеспе комиссияларды ескере отырып және қызметтер шарттарында көрсетілген шығындарды шегеріп, қайта есеп айырысуы керек.

Сонымен қатар, туроператорлар демалыс күндерін, бағытын, баратын елді ауыстыру және т.б. баламалы опцияларды ұсына алады.

Бүгінгі таңда Түркияның демалыс орындарында 254 қазақстандық турист бар.

Источник: nege.kz