үй Қазақстан жаңалықтары Мың тоннадан астам балық өнімін қазақстандық ЕО елдеріне экспорттады

Мың тоннадан астам балық өнімін қазақстандық ЕО елдеріне экспорттады

7
0

240 rob

Мың тоннадан астам балық өнімін қазақстандық ЕО елдеріне экспорттады

Фотосурет: Pixabay.com

Балық өнімінің аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Алматы облысы бойынша Департаменті жүргізуде, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Сотқа дейінгі тергеумен 2022 жылдың шілде айы мен 2023 жылдың сәуір айы аралығында заңды тұлға Еуроодақ елдеріне 1 135 тоннадан аса көксерке сүбесін экспорттағаны анықталды.

Экспорттауға рұқсат алу үшін ЖШС басшылығымен көрінеу жалған, балықтың Қырғыз Республикасынан ауланып, елімізге кіргізілгендігін растайтын ветеринарлық сертефикат қолданылған. 

Алайда, аталған балық Алматы облысының су қоймаларынан рұқсат құжаттарсыз ауланғаны анықталды. 

Тергеу барысында экспорттауға дайын 125 тонна көлемдегі балық өнімін қоймаға түсіру фактісі анықталды. 

Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды. 

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.  

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, АФМ Insider (https://t.me/afm_insider_bot) телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

Источник: dknews.kz