үй Қазақстан жаңалықтары Музыкалық мұра: «Сазген сазы»ансамблінің көркемдік жетекшісі туралы кітап

Музыкалық мұра: «Сазген сазы»ансамблінің көркемдік жетекшісі туралы кітап

6
0

186 Awrora

Музыкалық мұра: "Сазген сазы"ансамблінің көркемдік жетекшісі туралы кітап

Фотосурет: Gov

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі музыкант Бағдат Тілегеновтің 60 жасқа толуына орай «Қара қобыздан «Сазген сазына» дейін» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Музыкалық мұра: "Сазген сазы"ансамблінің көркемдік жетекшісі туралы кітап

Шараға белгілі өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, фольклорлық ансамбль ардагерлері, студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Музыкалық мұра: "Сазген сазы"ансамблінің көркемдік жетекшісі туралы кітап

«Қара қобыздан «Сазген сазына» дейін» кітабына автор музыканттың қалыптасу жолы, өмірдегі белестері мен жетістіктері жайлы сыр шертеді. Кітаптың бірінші бөлімі өмір мен өнербаянға, екінші бөлімі кейіпкердің тұлға ретінде қалыптасуына ықпал еткен ұстаздарына арналған. Туындының үшінші бөлімінде қазақтың айтулы тұлғалары мен шетелдік әріптестерінің жылы лебіздері жинақталған. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Музыкалық мұра: "Сазген сазы"ансамблінің көркемдік жетекшісі туралы кітап

Жиында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің орындауында түрлі әуендер мен күйлер шырқалды. Сондай-ақ Ұлттық кітапхана қорынан Бағдат Тілегеновтің шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.

Источник: dknews.kz