үй Қазақстан жаңалықтары Нұрлан Бекназаров: Адвокат пен прокурордың теңдігін қамтамасыз ету қажет

Нұрлан Бекназаров: Адвокат пен прокурордың теңдігін қамтамасыз ету қажет

2
0

146 rob

Нұрлан Бекназаров: Адвокат пен прокурордың теңдігін қамтамасыз ету қажет

Фотосурет: А.Байжұманов/ Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенат депутаттары бүгін «Қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуде тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы қағидаттарын іске асыру туралы» тақырыбы бойынша өткен дөңгелек үстел отырысында сот жүйесін реформалау және жақсарту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров өз сөзінде тәуелсіз, ашық және тиімді сот жүйесі болмайынша Әділетті Қазақстанға қол жеткізу мүмкін еместігін атап өтті.

Нұрлан Бекназаров: Адвокат пен прокурордың теңдігін қамтамасыз ету қажет

«Мемлекет басшысы әділетті әрі тура сот төрелігі құқықтық мемлекеттің маңызды өлшемшарты екенін атап өткен болатын. Сот тартысты өтуі керек, ал судья айыптау аясынан тыс болуы тиіс. Ол үшін адвокат пен прокурордың тепе-теңдігі қамтамасыз етілуі қажет. Осылайша, сот ісін жүргізудегі маңызды әділетті талаптың бірі – тараптардың толық құқықтық теңдігі мен бәсекелестік қағидаттары негізінде жүзеге асыру болып табылады. Жарыспалық – бұл қорғау құқығынан ажырамас, оны жүзеге асыруға және шындықты ашуға кепілдік беретін шынайы демократиялық қағидат» Нұрлан Бекназаров

Сенатор Айнұр Арғынбекова өз кезегінде Палатаның алдында сот жүйесін одан әрі реформалау жөнінде ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

Нұрлан Бекназаров: Адвокат пен прокурордың теңдігін қамтамасыз ету қажет

«Біздің еліміз адам құқықтары мен оның заңды мүддесінің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізуін барынша қамтамасыз ету жолымен тараптардың тартысты және тең құқықтылық қағидатын дамытуды жалғастыру, сондай-ақ айыптаушы көзқарастан арылу қажет» Айнұр Арғынбекова

Нұрлан Бекназаров: Адвокат пен прокурордың теңдігін қамтамасыз ету қажет

Дөңгелек үстел отырысында Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Парламентаризм институтының, Республикалық адвокаттар алқасының және басқа да ұйымдардың өкілдері де баяндама жасады.

Нұрлан Бекназаров: Адвокат пен прокурордың теңдігін қамтамасыз ету қажет

Сенатор Нұрлан Бекназаров дөңгелек үстел соңында шара барысында айтылған ұсыныстар пысықталып, депутаттардың сот жүйесін жетілдіру жөніндегі алдағы жұмысында ескерілетінін атап өтті.

Источник: dknews.kz