үй Қазақстан жаңалықтары Қол жетімді білім: Түркістанда жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді

Қол жетімді білім: Түркістанда жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді

9
0

298 rob

Қол жетімді білім: Түркістанда жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді

Фотосурет: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан қаласында Әмір Темір атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің 300 орындық жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашев пен Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев қатысып, оқушылар мен мұғалімдерге сәттілік тіледі, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Білім ордасында заманауи пән кабинеттері мен компьютер, мультимедиа, лингафон сыныптары мен спорт залы да қарастырылған. Бұл осында білім алатын 454 оқушының өз білімдерін тереңдетуіне зор мүмкіндік береді. Түркістан қаласындағы Әмір Темір атындағы №3жалпы білім беретін мектебінің негізі 1948 жылы салынған, 1 қабатты ескі ғимарат болған. Апатты деп танылған білім ордасының орнына жаңа 3 қабатты ғимарат салынып, оқушылар игілігіне пайдалануға берілді.

Жалпы мектеп оқу ғимараты типтік жобамен салынған. Ғимарат ішінде 20 оқу кабинеті бар, Оның ішінде: 2 компьютер кабинеті, 2 мультимедиа, 3 лингафон кабинеті және спорт зал, асхана, кітапхана, медпункт, егу кабинеттері қарастырылған. Жаңа білім ұясы 2 ауысымда жұмыс істейді, 60 мұғалім дәріс береді.

Источник: dknews.kz