үй Қазақстан жаңалықтары Олимпиадалық үміттер: ұлттық құрама Париждегі жазғы ойындарға қалай дайындалуда?

Олимпиадалық үміттер: ұлттық құрама Париждегі жазғы ойындарға қалай дайындалуда?

12
0

240 rob

Олимпиадалық үміттер: ұлттық құрама Париждегі жазғы ойындарға қалай дайындалуда?

Фотосурет: © SOPA Images / Contributor / LightRocket / Gettyimages.ru и TSM

Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының 19 лицензиясы (спорттың 8 түрінен) бар (садақ ату – 4, велошоссе – 3, нысана көздеу – 5, қазіргі бессайыс – 2, бокс – 2, грек-рим күресі – 1, еркін күрес – 1, спорттық гимнастика – 1). Олимпия ойындарына дейін 69 лицензиялық жарыс қалды. Оның ішінде 5 әлем чемпионаты, 7 Азия чемпионаты және 57 рейтингтік турнир бар, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Ақпан айында Ұлттық құрама спортшылары спорттың 18 түрі бойынша 17 лицензиялық жарыста өнер көрсетеді.

Олимпиадалық үміттер: ұлттық құрама Париждегі жазғы ойындарға қалай дайындалуда?

Дзюдо, семсерлесу, спорттық гимнастика, ауыр атлетика және батуттағы гимнастика бойынша сынға түсетін спортшылар Париж Олимпиадасының жолдамасын рейтингтік ұпай беретін жарыстарға қатысу арқылы жеңіп алатын болса, су спорты түрлері, бокс, жеңіл атлетика өкілдері төртжылдықтың басты жарысына іріктеу турнирлері арқылы тікелей жолдамаға иелік етеді.

«Биылғы жылдың басты спорттық оқиғасы деп 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін жазғы Олимпия ойындарын айтуға болады. Әр төрт жылда бір рет өткізілетін Олимпиадаға әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Париждегі додада 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрамасы Олимпиадаға спорттың 20 түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Сондықтан қазіргі таңда басты мақсат – қысқа мерзімде мейілінше көп лицензия алу. Құрама көшбасшылары әр спорт түрінің ерекшелігі, спортшының қажеттілігі, медициналық-биологиялық тұрғыда қамтамасыз етілгені, оның ішінде физиотерапия, оңалту мен жарақаттардың алдын алу, психологиялық қолдау және жарысқа дайындық кезінде күйзелісті жеңу сияқты жағдайлар ескерілген жеке жоспар бойынша дайындалады» Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев

Источник: dknews.kz