үй Қазақстан жаңалықтары Олжас Бектенов жаңа министрлерді таныстырды: іс көп, сөз аз

Олжас Бектенов жаңа министрлерді таныстырды: іс көп, сөз аз

13
0

177 rob

Олжас Бектенов жаңа министрлерді таныстырды: іс көп, сөз аз

Фотосурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов ұлттық экономика, қаржы, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау министрліктерінің жаңа басшыларын таныстырды, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровқа ведомство алдында ауқымды және амбициялық міндеттер тұрғанын атап өтті.

Олжас Бектенов жаңа министрлерді таныстырды: іс көп, сөз аз

«Ұлттық экономика министрлігін реформалар мен экономикалық серпіліске қол жеткізу бойынша алға қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы негізгі күш деп айтуға болады. Бұған қажет барлық ресурстар бар деп ойлаймын. Ең бастысы, министрлікті формализмсыз, бюрократиясыз, қажетсіз жиындарсыз белсенді жұмыс істеуге бағыттағым келеді. Аз сөйлеп, көп іс тындыру керек» Олжас Бектенов

Олжас Бектенов жаңа министрлерді таныстырды: іс көп, сөз аз

Мәди Такиевті Қаржы министрлігінің ұжымына таныстыру барысында Премьер-Министр ведомствоны мемлекеттік басқарудағы маңызды органдардың бірі екенін атап өтті.

Олжас Бектенов жаңа министрлерді таныстырды: іс көп, сөз аз

«Сол себепті Мемлекет басшысы да, Премьер-Министр ретінде мен де Қаржы министрлігінің барлық бағыттар бойынша нақты, белсенді жұмыс атқаратынына сенеміз» Олжас Бектенов

Олжас Бектенов жаңа министрлерді таныстырды: іс көп, сөз аз

Шыңғыс Әріновті Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына таныстырып, Премьер-Министр ведомство жұмысының негізгі бағыттарын атап өтті.

«Жақында ғана Алматыда Мемлекет басшысы жер сілкінісінен кейін министрлікке нақты сын айтты. Төтенше жағдайлар министрлігінің алдында төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және алдын алу жүйелерін жаңғырту бойынша өте маңызды міндеттер тұр. Президент қойған міндеттерді Шыңғыс Сайранұлы абыроймен орындайды деп ойлаймын» Олжас Бектенов

Олжас Бектенов жаңа министрлерді таныстырды: іс көп, сөз аз

Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына Ақмарал Әлназарованы таныстыру кезінде оның тәжірибесі мен жоғары кәсіби біліктілігін атап өтті.

Министрліктің алдында денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және одан әрі оның тиімділігін арттыру міндеті тұр.

«Бұл – мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыты. Денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеру үшін бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Біз бұған жан-жақты көмектесеміз» Олжас Бектенов

Премьер-Министр Үкіметтің жаңа құрамына енбеген барлық бұрынғы министрлерге атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Источник: dknews.kz