үй Қазақстан жаңалықтары Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының қанжығасында үш алтын

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының қанжығасында үш алтын

23
0

277 Awrora

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының қанжығасында үш алтын

Астанада жеңіл атлетикадан жабық үй-жайларда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қарулы күштердің қызметкерлері Надежда Дубовицкая, Михаил Литвин және мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Давид Ефремов Қазақстанның қоржынына алтын салды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының қанжығасында үш алтын

Әскер спортшысы Надежда Дубовицкая әйелдер арасындағы биіктікке секіру жарыстарында чемпион атанды. Жеңіл атлетіміз 1,89 метр биіктікті еңсерді.

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының қанжығасында үш алтын

Дәл осы сайыс түрінен барлық жүлделі орындарды қазақстандық спортшылар иеленді. Кристина Овчинникова аталмыш биіктікті бірнеше талпыныстан соң бағындырып, күміс жүлдегер атанды. Қола жүлде де ел еншісінде қалып, қазақстандық Елизавета Матвееваға бұйырды. Көрсеткен нәтижесі – 1,84 метр.

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының қанжығасында үш алтын

Ерлер арасындағы эстафеталық жарыста біздің жеңіл атлеттеріміз Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Вячеслав Земс және Михаил Литвин 3:09.15 есебімен Азия чемпиондары атанды. Күміс жүлде Катар командасына (3:09.26), ал қола – Тәжікстан құрамасына  (3:34.45) бұйырды. Алтын олжалап, чемпион атанған Михаил Литвин – ҚР Қарулы күштерінің қызметкері.

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының қанжығасында үш алтын

Кедергілермен 60 метрге жүгіруде ерлер арасында жоғары наградаға ие болған мерзімді қызметтегі сарбаз Давид Ефремовке тең келер ешкім болмады. Ол қашықтықты 7,65 секундта жүгіріп өтті. Тұғырдың екінші сатысын қытайлық спринтер Чен Куэй-ру (7,68), үшіншісін жапондық Шукей Исикава (7,70) иеленді.

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының қанжығасында үш алтын

Сонымен қоса, ерлер арасында 400 метр қашықтықты бағындыруда Орталық спорт клубының спортшысы Михаил Литвин соңғы жарыста катарлық желаяқ Аммар Исмаил Яхия Ибрахимге (46,25) ғана есе жіберіп, 46,39 ұпаймен күміс жүлде иеленді. Қола қытай спортшы Фан Тианруиге (47.30) бұйырды.

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының қанжығасында үш алтын

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының қанжығасында үш алтын

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының қанжығасында үш алтын

Источник: dknews.kz