үй Қазақстан жаңалықтары Орнықты даму: Қазақстан стратегиялық экологиялық бағалауды енгізеді

Орнықты даму: Қазақстан стратегиялық экологиялық бағалауды енгізеді

15
0

202 rob

Орнықты даму: Қазақстан стратегиялық экологиялық бағалауды енгізеді

Фотосурет: ҚР ЭТРМ

Қазақстанда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап стратегиялық жоспарлау кезінде стратегиялық экологиялық бағалауды (СЭБ) жүргізу жөніндегі Экологиялық кодекстің нормасы күшіне енді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Айта кету керек, СЭБ экологиялық міндеттерді, сондай-ақ жоспарлаудың алғашқы кезеңдерінде (аумақтарды дамыту бағдарламалары мен елді мекендердің бас жоспарлары) орнықты даму мәселелерімен байланысты міндеттерді есепке алуды қамтамасыз ететін олардың белгілері ғана емес, ең алдымен экологиялық проблемалардың себептерін шешудің белсенді құралы болып табылады.

Бұл әдіс Шығыс Еуропада, Кавказда және Орталық Азияда практикалық қолданыста.

Орнықты даму: Қазақстан стратегиялық экологиялық бағалауды енгізеді

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамымен (GIZ) бірлесіп, «Арал өңірін экологиялық бағдарланған өңірлік дамыту» өңірлік жобасы (GIZ қаржыландырады) шеңберінде орталық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар үшін СЭБ бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырды.

Іс-шара барысында қатысушылар салалық жоспарлауды жетілдіру және орнықты даму қағидаттарын ілгерілету құралы ретінде СЭБ тұжырымдамасымен және артықшылықтарымен танысуға мүмкіндік алды.

Бұдан басқа, тәжірибелі сарапшылар мысал ретінде Қазақстан Республикасында орындалған пилоттық жобалардың халықаралық тәжірибесі мен нәтижелерін ҚР қолданыстағы Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес ұсынды. Сондай-ақ жоспарлау процесінде салалық министрліктер мен ведомстволардың рөлдері және жоспарлау жүйесін жақсарту мүмкіндіктері атап өтілді.

Толық тренинг курсынан өткен қатысушылар GIZ атаулы сертификаттарын алды.

Источник: dknews.kz