үй Қазақстан жаңалықтары Отандық ғылым: цифрлық сала үшін кадрлар-дамудың негізгі көзі

Отандық ғылым: цифрлық сала үшін кадрлар-дамудың негізгі көзі

13
0

257 rob

Отандық ғылым: цифрлық сала үшін кадрлар-дамудың негізгі көзі

Фотосурет: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өткен Панельдік сессияда цифрлық болашақ үшін бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Отандық ғылым: цифрлық сала үшін кадрлар-дамудың негізгі көзі

Сондай-ақ талқылауға Fincraft Group холдингінің президенті Кеңес Ракишев, International Data Corporation (IDC) вице-президенті Андрей Беклемишев, ХАТУ ректоры Асқар Хикметов, «Arman» холдингінің президенті Серікбай Бисекеев, Huawei Technologies-тің шетелдік өкілі Сафдер Назир қатысты.

Отандық ғылым: цифрлық сала үшін кадрлар-дамудың негізгі көзі

Панельдік сессияны аша отырып, Саясат Нұрбек цифрлық сала үшін кадрлар, адами капитал, адамдар – бұл дамудың негізгі көзі екенін атап өтті.

Отандық ғылым: цифрлық сала үшін кадрлар-дамудың негізгі көзі

«Біздің 119 ЖОО-ның 82-сінде Ақпараттық технологиялар саласы үшін мамандар даярлауға лицензиясы бар. Сәйкесінше жыл сайын ондаған мың IT-мамандарды шығарамыз, бірақ олардың көпшілігінде білім беру бағдарламаларының сапасына қатысты мәселе бар. Біз осы бағыт бойынша инвентаризация жүргізіп, сыртқы талдау жасадық және жеткілікті жоғары білім беретін, өз бағдарламаларын жаңартатын, зертханаларға, инфрақұрылымға инвестиция салатын, саладағы өзгерістерді бақылайтын 14 жоғары оқу орнын анықтадық. Қазір қазақстандық жастардың көпшілігі IT-дің болашағын көріп, осы саланы өз өмірімен байланыстыруда, сондықтан біздің ЖОО-да осы бағыттағы білім беру бағдарламаларын күшейту өте маңызды», — деп атап өтті министр.

Отандық ғылым: цифрлық сала үшін кадрлар-дамудың негізгі көзі

Сондай-ақ, С.Нұрбек аудиториядағы көпшілікті инженерлік білім берудің ұлттық моделін әзірлеу туралы хабардар етті. Оның мақсаты – мамандықтың принциптерін, архитектурасын, философиясын түсінетін терең іргелі жүйелік көзқарасы бар нағыз инженерді қалыптастыру. Бұл инженерлік білім беру сапасына назар аударуға мүмкіндік береді. Министрдің айтуынша, білім өте консервативті орта. Сондықтан эксперименттен қорықпау ғана қалады.

Талқылау барысында спикерлер отандық ғылымға, атап айтқанда, оның даму перспективаларына, жас ғалымдарды қолдауға және олардың жобаларына тоқталды.

Осылайша, әлемдік қоғамдастық Қазақстанда салықтық супер шегерімдер тетігі іске қосылатыны туралы хабардар болды. Мұндай бастама, Кеңес Ракишевтің пікірінше, ғалымдарды ынталандыру және жалпы салық салу жүйесін өзгерту үшін қажет.

«Біз Қаржы министрлігімен алғаш рет салық супервайзерлері деп аталатын тетікті іске қосуға келістік – бірінші кезеңде 150%, екінші кезеңде – 300%-ға дейін жеткізетін боламыз. Осындай ынтымақтастық нәтижесінде кез келген жеке компания, өндірістік немесе өнеркәсіптік, біздің жоғары оқу орындарымызбен, ҒЗИ-мен әріптестік құратын және қосылған құны жоғары өнім жасайтын, өндірісте инновация енгізетін жағдайларда – мұндай компания салық бойынша 150%, барлық инвестицияларға 100%, шығатын өнімге 50% жеңілдік ала алады. Бұл көптеген елдерде қолданылатын өте тиімді механизм. Қазақстанда мұндай тетікті алғаш рет енгізетін боламыз, қазір заң жобасы Мәжілісте пысықталуда», — деді министр.

Өз сөзін қорытындылай келе, ведомство басшысы қазақстандық жастарға ғылыммен айналысуға кеңес берді.

«Мен жастарға ғылымға баруға кеңес беремін, бұл менің министр болғандығымнан емес. Өйткені, қазір зерттеуге инвестициялардың үлес салмағы артып келеді. Мысалы, қазір миллиардтаған және триллиондаған инвестициялар адамның ойлау механизмін, жасанды интеллектті зерттеуге жұмсалуда. Бұл жерде үлкен перспективалар бар. Сондықтан ғалымдар ешқашан бір кесек нансыз қалмайды», — деп қорытындылады С.Нұрбек.

Айта кетейік, 3 күнге созылған Digital Almaty 2024-те Министрліктің спикері ретінде ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова мен «Ғылым қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Камиль Акатов та сөз сөйледі. Олар халықаралық форум қонақтарымен жоғары білім және ғылым саласындағы цифрлық трансформациялармен бөлісті. Жобаларының бірегейлігі үшін мұқият іріктеуден өткен бірқатар университеттер өзінің стартаптарын сондай-ақ жетістіктерін көпшілікке таныстырды.

Источник: dknews.kz