үй Қазақстан жаңалықтары Патриоттық бастама: Алматыда «муж күні» акциясы басталды

Патриоттық бастама: Алматыда «муж күні» акциясы басталды

11
0

260 Awrora

Патриоттық бастама: Алматыда "муж күні" акциясы басталды

Фотосурет: Gov

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен қазақстандық киноиндустрия өкілдері жоғары оқу орындары әскери кафедраларының студенттерін, барлық күштік құрылымдардың әскери жоғары оқу орындарының курсанттарын және мерзімді қызметтегі сарбаздарды қамти отырып «Ерлік күні» республикалық әскери-патриоттық акциясын бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысовпен, Ұлттық ұлан ардагерлерімен, «Бүркіт» фильмінің продюсері, арнайы мақсаттағы бөлімшенің бұрынғы командирі, II дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, күрең берет иегері запастағы полковник Камал Жақсылықовпен және басты рөлдерді сомдаған қазақстандық әрістермен алғашқы кездесу Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс институтында өтті.  Оған қаланың алты жоғары оқу орнындағы әскери кафедралардың студенттері қатысты. 

Акцияның мақсаты – жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, армиядағы қызметті барлық күштік құрылымдар мен ведомстволардың арнайы бөлімшелерінде дәріптеу. 

Патриоттық бастама: Алматыда "муж күні" акциясы басталды

Десанттық-шабуылдау әскерлері тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының офицер-идеологы капитан Гүлмира Полатбек жиналғандарға мемлекет әскери қызметшілерді қамтамасыз ететін қанатты қырандардың қызметі мен әлеуметтік пакеті туралы әңгімелеп берді. 

– Азаматтық жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында оқитын студенттер қазірдің өзінде әскери міндеттілер, болашақ офицерлер мен сержанттар болғысы келеді. Олардың бәрі әскери қызметті таңдамаса да, үнемі әскери жиындарға шақырылатын болады. Бізге олардың жаңа технологияларды білуі, елді қорғауға ұмтылуы, қазір әскерлер қамтамасыз етіліп отырған жаңа жоғары технологиялық қару-жарақты үйренуге деген құлшынысы қажет екені сөзсіз, – деп атап өтті Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов.

«Бүркіт» көркем фильмінің продюсері Камал Жақсылықов картинаның жасалу тарихы, басты кейіпкерлердің прототиптері, түсірілім процесі және өзінің Ұлттық ұланның элиталық бөлімшесінде қызмет еткеннен кейін киноиндустрияға қалай келгені жайлы айтып берді. 

– Фильмді түсіру идеясына тәулігіне жиырма төрт сағат бойы кірпік қақпай елдің қауіпсіздігін күзетіп, күрделі әрі қауіпті міндеттерді орындап жүрген мықты, батыл адамдардың, нағыз патриоттардың қызметі арқау болды, – деді Камал Жақсылықов.

Фильм аяқталғанда студенттер тұрып қол шапалақтап, қошемет көрсетті. Көрермендердің айтуынша, қазақстандық кинематографияда соңғы минутқа дейін көз алмай қарайтын бұл жанрдағы фильмдер болмаған. 

Патриоттық бастама: Алматыда "муж күні" акциясы басталды

– Маған фильм қатты ұнады, мұндай картиналарды көрген соң армияға деген мақтаныш сезімі пайда болады. Продюсер фильмнің көптеген көріністері нақты оқиғалар негізінде түсірілгенін айтты. Мен өзімді сол ержүрек жауынгерлер арасында жүргендей сезіндім, өзімнің қаншалықты мықты екенімді тексергім келеді, –  дейді Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті әскери кафедрасының студенті Бақтияр Жексенов.

Жас жігіттің айтуынша, оның азаматтық кәсібі робототехника мен мехатроникамен байланысты, ал әскери кафедрада ол артиллерияны ұрыста қолдану циклін үйреніп жүр. Қазақстанның жетекші техникалық университетін бітірген соң Бақтияр қорғаныс өнеркәсібі саласында алған білімін кәдеге жаратсам дейді. 

Шара соңында студенттер әскерлер өкілдерінен, кинорежиссерлер мен әртістерден ойларында жүрген сұрақтарға жауап алды.

Источник: dknews.kz