үй Қазақстан жаңалықтары Павлодар облысында жасөспірім мектепке бұрыш спрейін шашқан

Павлодар облысында жасөспірім мектепке бұрыш спрейін шашқан

0

Фото: Polisia.kz

16 ақпан Ақсу қаласының полициясына Қалқаман кентінің мектебінде, санитарлық бөлмеде белгісіз біреудің бұрыш спрейін шашқаны туралы шақыру келіп түсті.

Алматы, NEGE. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Мектеп ғимаратынан 310 адам, оның ішінде 291 оқушы эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Бейнебақылау камераларын тексеру нәтижесінде осы мектептің 9-сынып оқушысы анықталды.

Осы факт бойынша кәмелетке толмағанның заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал қолданыстағы заңнама шеңберінде шаралар қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.

Источник: nege.kz

Exit mobile version