үй Қазақстан жаңалықтары Павлодар облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы айтылды

Павлодар облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы айтылды

30
0

274 rob

Павлодар облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы айтылды

Павлодар облысы ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашев Павлодар облысының аумағында өткізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Қазгидромет» РМК филиалының деректеріне сәйкес ақпан айындағы ауаның орташа температурасы -12,4-16,1°С нормасында болады деп күтілуде. Ақпан айының екінші және үшінші онкүндігінде норма шегінде (10-15 мм) қардың түсуі болжануда.

Павлодар облысында өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің талдауларына сүйене отырып, жердің бедерлі ойпаттарында орналасқан 43 елді мекен бақылауға алынды.

2022 жылы 24 маусымда облыс әкімімен бекітілген 43 іс-шарадан тұратын «Облысты IV кезеңде (жазғы, күзгі, қысқы-көктемгі, көктемгі) су тасқыны кезеңінен өтуге дайындау жөніндегі 2023 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспары», сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасарымен бекітілген 16 іс-шарадан тұратын «2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі 2022 жылғы жазғы-күзгі кезеңдегі инженерлік жұмыстар жоспары» іс-шараларының іске асырылуы бақылауда тұр. «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы» шеңберінде «Қаратерек ауылы (Май ауданы) аумағында Ертіс өзенінің арнасын тазарту және жағалауды нығайту»  бойынша 1 іс-шара орындалды. Ағымдағы жылы Жол картасының 6 іс-шарасының іске асырылуы жоспарлануда.

Жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен 34 мың данадан астам қаптар, 9 мың 573 тонна инертті материал, 105 тонна жанар-жағармай қоры дайындалды, тамақтандыруға 99 және  жарылыс жұмыстарына 7 ниет-білдіру шарттары жасалды.

Қысқы кезеңнің басынан бастап облыстың елді мекендерінен 900 мың текше метрден астам қар шығарылды, қысқы кезеңге дайындық шеңберінде 1 472 су өткізу құрылыстары немесе 100% (темір жолда–199, автомобиль жолдарында – 1273) тазартылды және жабылды.

Су тасқыны жағдайы асқынып кеткен жағдайда халықты эвакуациялаудың 43 пункті алдын ала дайындалды.

Павлодар облысының аумағында барлығы 28 гидротехникалық құрылыс бар, оның ішінде: су қоймалары – 1 (транзиттік орындалған), дамба – 7, бөгеттер – 9, гидротораптар – 6, басқа гидротехникалық құрылыс – 5.

Төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін су тасқыны салдарын жоюға күштер мен құралдар топтамасы дайындалды, оған 1 702 адам, 616 бірлік техника, 42 жүзу кұралы, 201 мотопомпа кірді.

Сонымен қатар, Жасұлан Жұмашев аула аумақтарынан қарды уақтылы тазарту және шығару елді мекендерді су басу қаупін едәуір төмендететінін атап өтті.

Источник: dknews.kz