үй Қазақстан жаңалықтары Президенттік орталық жұмысының жаңа белесі

Президенттік орталық жұмысының жаңа белесі

14
0

372 rob

Президенттік орталық жұмысының жаңа белесі

Фотосурет: ҚР Президенттік орталығы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың реформалары елімізде қоғамдық-саяси дамудың жаңа кезеңін бейнелейтін тұжырымдамалық өзгерістер туғызды. Бастама еткен институционалдық трансформациялар өзекті қоғамдық дискурсты қажет ететіні сөзсіз. 

Осыған орай алғашқы құрылған күнінен бастап Қазақстан Республикасы Іс басқармасының қарамағындағы Президенттік орталық Мемлекет басшысы мәлімдеген қағидаттар мен нормаларды белсенді түрде насихаттай бастады.

Президент Қ. К. Тоқаевтың «еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес» қағидаты бойынша реформаларын идеологиялық ілгерілету ҚР Президенттік орталығының қызметінің тәжіребесінде белсенді жүзеге асырылуда.

Еліміздің саяси жаңғыруының Жаңа Қазақстан мұратындағы жаңа кезеңі, әділетті және де «Адал азамат» тұжырымдамасы ерекше ақпараттық дәрежеге ие болды. Жаңа бағытты қалыптастыра отырып, ҚР Президенттік орталығы бірінші кезекте ел жастары арасында тұтастай мемлекеттілік тарихын, сондай-ақ ел Президентінің стратегиялық бағытын танымал етуде сапалы нәтижелерге қол жеткізу мақсатын көздейді.

Президенттік орталық жұмысының жаңа белесі

Осыған орай басты міндеттердің бірі – жастар мен экспозицияға келушілер арасында ұсынылған құндылықтар негізінде Мемлекет басшысының жаңа бастамаларының тұтас бейнесін жасау. Білім беру арқылы Президенттің реформаторлық дискурсын насихаттау патернализмнен қалыс қалған адамның белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту саласындағы іргелі идеяларды жариялау жетістіктерді шоғырландыруға ықпал ететін дұрыс парадигманы дамытуға ықпал етеді. Ауылдық жерлердің әкімдерін тікелей сайлау практикасын және аудан мен қала әкімдерін тікелей сайлаудың пилоттық жобасын іске асыру халықтың өзін-өзі ұйымдастыруын дамытуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты ҚР Президенттік орталығының ұжымы заманауи реформалардың ғылыми рефлексиясы негізінде дискурс пен білім беруді ұйымдастырады.

Президенттік орталық жұмысының жаңа белесі

Сондай-ақ, Президенттік орталық Қазақстан Республикасы Президентінің және бұрынғы президенттердің жеке кітапхана, жеке архив және музей жинақтары жұмысын кітапханалық-библиографиялық, архивтік, ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-қор, мәдени-ағартушылық және имидждік қамтамасыз ету бойынша қызметін жүзеге асырады.

Президенттік орталық жұмысының жаңа белесі

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы – Қазақстандағы президенттік институтымен байланысты материалдарды іріктеу, жинақтау, жүйелеу және таныстыруда сараптамалық-талдамалық тәсілді қолданатын осындай ауқымды функциялары бар елдегі жалғыз мекеме. 

Айта кету керек, Президенттік орталық – бұл үш негізгі бағыт – архив, музей және кітапхана бойынша жұмыс жасайтын көпбейінді ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру кешені.

Президенттік орталықтың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Президенттерінің қызметтері арқылы мемлекеттің қалыптасу және даму тарихын зерделеу, сондай-ақ олардың тарихи мұрасын ілгерілету болып табылады. Мәселен, архив қызметі Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының құрылымдық бөлімше ретінде Қазақстан Республикасының мемлекет басшыларының лауазымдық және қоғамдық қызметі барысында қалыптасқан құжаттарды (түпнұсқаларды немесе көшірмелерді) ғылыми-жинақтау қызметін және сақтау, пайдалану жұмысын жүргізеді.

Президенттік орталық жұмысының жаңа белесі

Президенттік орталықтың музейі тарихи және мәдени ескерткіштерді жинақтау, жүйелеу, сақтау және зерттеу, Қазақстандағы мемлекеттілік тарихы бойынша экспозициялық кеңістікті қалыптастыру қызметтерін жүзеге асырады. Сондай-ақ еліміздің мәдени ұлттық мұрасын зерттеу және пайдалану процесін әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді іске асырады. Республиканың және шет елдердің ғылыми және тарихи-мәдени мекемелерімен ғылыми-зерттеу және мәдени байланыстар шеңберінде ғылыми және ғылыми-әдістемелік кеңестер құру бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. 

Кітапхана Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының ақпараттық-кітапханалық жұмысын қамтамасыз етеді, кітапхана қорларын тұрақты сақтауды және олардың сақталуын жүзеге асырады, кітапхана қорын ғылыми баспа өнімдерімен және Қазақстан Республикасының басқа да басылымдарымен, шетелдік басылымдармен ағымдық толықтырулар негізінде ақпараттық қызметті жүргізеді.

Президенттік орталық қызметінің тағы бір маңызды бағыты – Қазақстан Республикасы мен оның Президентінің халықаралық имиджін қалыптастыруға қатысу. Осыған орай ҚР Президенттік орталығы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен, басқа елдердің елшіліктерімен және өкілдіктерімен, халықаралық ұйымдармен және көптеген бейінді мекемелермен ынтымақтастықты кеңейтеді.

Жаңа міндеттер тұрғысынан Президенттік орталықтың президенттік институттың қызметі арқылы тәуелсіз Қазақстан тарихын танымал ету бойынша миссиясы қоғамның мемлекетке деген сенімін, жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды нығайтуға ықпал ететін болады.

Президенттік орталық жұмысының жаңа белесі

Елдегі саяси ахуал саяси партиялардың, Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетінің артуына, қоғамдық кеңестердің пайда болуына алып келді, бұл әрине, қоғамдық-саяси қатынастарды айтарлықтай әртараптандырды. Осыған сәйкес азаматтардың қоғамдық өмірге сандық және сапалық қатысуын білдіретін халық та белсенділік танытты. Саяси жүйедегі қатынастардың күрделенуі қазіргі факторлардан коммуникацияның жаңа моделін құруды талап етті. Осыған орай сындарлы қарым-қатынас құру табысты реформалардың негізіне айналды. Сол себепті де ҚР Президенттік орталығы жаңа және жүйеленген коммуникацияға, сондай-ақ ақиқатты қабылдау парадигмасын құруға бағытталған.

Жаңа саяси трендтер тұрғысында, ең алдымен, музей экспозициясының контенттік мазмұнына келесідей тұжырымдамалық өзгерістер жүргізілді:

  • биліктің институционалдығы прото-түркі және түркі мемлекеттерінің, Қазақ хандығының, Кеңес үкіметі кезеңінің және егемендіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстанның тарихына экскурсия арқылы біртұтас және бірыңғай саяси атрибут ретінде ретроспективті берілген (атап айтқанда, прото-мемлекеттер кезінен бастап сабақтастық дәстүрлері мен мемлекетіміздің мәдени-тарихи негіздерін сақтаған қазіргі Қазақстан толық құқылы мұрагері болып табылатын Қазақ хандығы құрылғанға дейін біздің еліміздің аумағында мемлекеттіліктің қалыптасуына шолу жасалған ақпарат орналастырылған. Бұған қоса, «Алаш Орда» үкіметі мен Кеңес кезеңінің мемлекеттік көшбасшыларының қызметі туралы материалдар көрініс тапқан);
  • президенттік институтты да, қоғамды да, тұтастай алғанда мемлекетті де жаңғыртудың жаңа кезеңін бейнелейтін Қазақстанның стратегиялық даму бағдарламасы ұсынылды. Соның ішінде, егемендікпен тәуелсіздіктің қалыптасуындағы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұжырымдамасы. Реэкспозицияның басты мазмұны Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» стратегиялық даму бағдарламасына негізделген;
  • «Әділетті Қазақстан» даму бағдарламасының басты постулаттары көрсетілген. Тарихи әділеттілік, материалды ұсынудағы объективтілік қағидаттарына сүйене отырып, мемлекеттің саяси жаңғыруына, президенттік институттың трансформациясына және толық ауқымды конституциялық реформаларға серпін берген қаңтар оқиғалары көрініс тапқан;
  • Президент Қ. К. Тоқаевтың саясаты аясында ел дамуының демократиялық кезеңі ұсынылған (Қ. Тоқаевтың стратегиялық бағытын: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және Президенттің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» сайлауалды бағдарламасын іске асыру нәтижелері шынайы бейнеленген). Осылайша, билік пен қоғамның жаңа коммуникация жүйесін құруға бағытталған Қ. Тоқаевтың негізгі идеясы музейдің басты залдарынан көрініс тапқан. 

Жалпы алғанда, музейдің барлық 9 экспозициялық аймағы да жаңартылды. Жоғарыда аталған тақырыптардан басқа, музейдің мазмұнды-тақырыптық құрылымында елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени, ғылыми, спорт салаларындағы және елдің сыртқы саяси стратегиясы бойынша материалдарды ресімдеудегі жетістіктері көрсетілген.

Реэкспозиция тұжырымдамасына сәйкес музей контентін трансформациялау жүзеге асырылды. Бірінші кезеңде ол жедел реэкспозицияда көрініс тапты. Осы кезеңде экспозицияларды, музей экспонаттары мен бейнеконтентті өзектендіру музейдің архитектуралық-жоспарлау құрылымын өзгертпей жүргізілді. Жұмыс Президенттік орталықтың қор жинағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Президент істері басқармасынан жаңа түскен музей заттарының есебінен жүзеге асырылды. Кейіннен, толыққанды қайта құру жұмыстарын жүргізгенде музей кеңістігін қайта құруды, жаңа экспозициялық-көрме аймақтарын жасауды және қазіргі экспозициялық-көрме аймақтарын өзгертуді, жаңа интерактивті аймақтарды орналастыруды, мультимедиялық және цифрлық технологияларды жаңғыртуды жүзеге асыру жоспары бар.

Музей ұжымының міндетіне музей ісіндегі әлемдік үрдістерді көрсететін түбегейлі жаңа тұжырымдама жасау ғана емес, сонымен қатар қазақстандық мәдени кеңістік үшін өте жақсы мазмұны бар инновациялық музей кеңістігін құру да кірді.

Негізгі мақсат Қазақстанның қазіргі саяси өміріне терең интеграцияланған музей кеңістігін құруға ұмтылу болды. Сонымен қатар музейге келушілерге жайлы болуы үшін өз күшімізбен еш шығынсыз технологиялық өзгерістермен қоса заманға сай ақылды, тарихи дәлелденген музей кеңістігін жасап шығардық деп ашық айта аламын. Нәтижесінде бірін-бірі толықтыра отырып, экспозициялар біртұтас жүйені құрады. 

Ғасырлар бойғы саяси тарихты еліміздегі елеулі оқиғалар арқылы ретроспективті көрсету биліктің институционалдығын қарастыруға және жеткізуге мүмкіндік береді.

Басты басымдықтардың ішінен 2 маңызды міндет бірінші орынға шығады.

Ғылыми – саяси тарихтың барлық мәселелерін қарастыру ортасына біз адамды, оның қоғаммен және мемлекетпен қарым-қатынасын ешқандай идеологиялық біржақтылыққа жол бермей орналастырдық. Бағалауда дәстүрге, тарихи сабақтастыққа және азаматтық қоғамға жол іздеу үдерісіне және Адал азаматты қалыптастырудың іргелі міндетіне баса назар аударылды.

Экспозициялық – музей ерекшелігін сақтап қана қоймай, сонымен бірге музей экспозициясының сюжетін құрайтын музей кеңістігін құру. Біздің ойымызша, музейдің дәстүрлі және дәстүрлі емес аймақтары президенттік институттың эволюциясын айшықтайтын бір көп қырлы алаңға айналған.

Сонымен қатар келушілерге арналған әртүрлі деңгейлер мен форматтардағы ашық қарым-қатынас алаңы бар. Бұл ретте қазіргі Қазақстанның стратегиясы мазмұнында келесідей түйінді құндылықтардың негізі қаланды:

  • тарихи фактілерді ұсынудың объективтілігі мен нақтылығы;
  • негізгі мәдени құндылықтарды сақтаудың негізі ретінде тарихи жетістіктер мен сабақтастық;
  • адам факторы және даралық;
  • мәдениеттер мен әлеуметтік топтардың сындарлы өзара іс-қимылының негізі ретіндегі толеранттылық.

Осы факторлардың барлығы келушіні саяси процестегі жеке рөлі мен жауапкершілікті саналы түрде түсінуіне және сайып келгенде азаматтық қоғамның саяси мәдениетін қалыптастыруға итермелейтіні сөзсіз.

Президенттік орталық жұмысының жаңа белесі

Қорытындылай келе, Қазақстанда реформалардың жалпыұлттық дискурсының қалыптасуы қайтымсыз сипатқа ие бола бастағанын атап өткім келеді. Қазіргі кезеңде қоғамды одан әрі жаңғырту үшін негіз болатын тұтас көзқарасты нығайту мақсатында олардың жетістіктерін насихаттау қарқынын сақтау өте маңызды. Бұл үдерісте Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының идеялар генераторы ретіндегі рөлі айтарлықтай артады.

Б.М. Қайыпова, ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты

Источник: dknews.kz