үй Қазақстан жаңалықтары ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің алқасы өтті

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің алқасы өтті

0

378 Awrora

Астанада Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың төрағалығымен ТМРК-ның 2022 жылғы жұмыс қорытындысы және 2023 жылға арналған міндеттері бойынша алқа отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Комитет төрағасы Асан Дарбаев атап өткендей, өткен жылы тарифтердің өсуін тежеу және төмендету бойынша қабылданған шаралардың арқасында реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге орташа өсім небәрі 2,2% -ды құрады.

«2022 жылдың басында енгізілген мораторий, табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуларын электрондық форматқа көшіру және заңнамаға енгізілген өзгерістер нәтижесінде қазақстандықтар 3,2 млрд. теңгені үнемдеді»  Асан Дарбаев

Еске салайық, 2022 жылы тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы монополистердің 2 мыңнан астам есебін қарау қорытындысы бойынша еліміз бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге 14,1 млрд.теңге сомаға тарифтер төмендетілді.

Сондай-ақ, А.Дарбаев «Тарифті инвестицияға айырбастау» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ТМРК-ның жоспарлары туралы айтты.

«Жаңа тарифтік саясат шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық желілерінің тозуын 2029 жылға қарай 20 пайыздық тармаққа дейін төмендету, коммуналдық кәсіпорындардың өндірістік персоналының жалақысын арттыру, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы табиғи монополиялар субъектілерінің жауапкершілігін күшейту жоспарлануда» Асан Дарбаев

Оның айтуынша, бұл шаралар апаттар мен өшірулердің санын төмендетуге және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін жақсартады. Халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетілетін болады. Сондай-ақ, алқа барысында ТМРК аумақтық департаменттерінің басшылары баяндама жасады.

ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыров жаңа тарифтік саясатты іске асыру барысында әр өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай ескерілуі тиіс екенін атап өтті.

«Монополистер көбінесе өз проблемаларының шешімін тек тарифтердің өсуінде көреді. Алайда, көтерілген тарифтер желілердің тозуын бір мезгілде төмендетуге, электр, жылу және сумен жабдықтаудың сапасын жақсартуға мүмкіндік бермейді. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты бірінші орында тұруы керек. Тарифтердің өсуі қарапайым азаматтардың қалтасына салмақ түсіреді. Сондықтан, біз сапалы жұмыс жүргізуіміз керек, табиғи монополиялар субъектілерінің әрбір өтінімін өте мұқият қарау керек. Тарифтер әділ және ыңғайлы болуы керек, бұл ретте саланың қажеттіліктерін де ұмытпаған жөн» Әлібек Қуантыров 

Алқа отырысының қорытындысы бойынша Ә.Қуантыров Табиғи монополияларды реттеу комитетіне бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version