282 Awrora
2022 жылдың 11 айында өңірде электр энергиясын өндіру көлемі 4,2 млрд. кВтсағ құрады. Бұл ретте облыстың тұтыну көрсеткіші 4,5 млрд кВт/сағ құрайды, – деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесуінде сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Облыста электр энергиясының негізгі көзі «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ болып табылады, белгіленген электр қуаты 1230 МВт-қа тең, жабдықтың физикалық тозуы 82,3% құрайды.
Өңірдегі негізгі жылу көзі «Таразэнергоцентр» АҚ (ЖЭО-4) болып табылады, белгіленген жылу қуаты 685 Гкал, жабдықтың физикалық тозуы 92% құрайды.
Облыстағы өңірлік энергия беруші компания «Жамбыл электр желілері» ЖШС болып табылады, оның активтерінде 13,4 мың км кабельдік және әуе электр беру желілері, 2,8 мыңға жуық кіші станциясы бар. Желілердің тозуы 68,2% құрайды.
Жоғары тозуды төмендету мақсатында «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы қабылданады, ол энергия және жылу өндіруші ұйымдардың қолданыстағы активтерін реконструкциялауға, жаңғыртуға және кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Жылу энергетикасы туралы» Заң қабылданады деп күтілуде, ол өңірлерді жылумен жабдықтау проблемаларын шешуге назар аударуға мүмкіндік береді. Заң аясында электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу мен сатуды, сондай-ақ нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарықты енгізуді көздейтін нарықтың жаңа нысаналы моделіне көшу көзделген. Бұл шаралар энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді азайтуға және жаңа энергия көздерінен жоғары тарифтердің әсерін теңестіруге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жөндеу науқанына және инвестициялық бағдарламаларға қатаң бақылауды қамтамасыз ету бөлігінде Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің рөлі күшейтілетін болады.
2023 жылдың 1-тоқсанында еліміздің барлық ЖЭО аудиті аяқталады, бұл проблемаларды және олардың ағымдағы техникалық жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Болат Ақшолақов Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) қуаты бойынша республикада көшбасшы орында тұрғанын атап өтті.
Өңірде жалпы қуаты 442 МВт болатын 20 жаңартылатын энергия көздерінің объектісі, оның ішінде қуаты 251 МВт-тан асатын 6 күн электр станциясы, қуаты 176 МВт 9 жел электр станциясы және қуаты 15 Мвт 5 гидроэлектростанция жұмыс істейді. Бұдан басқа, 2025 жылға дейін жиынтық қуаты 133,8 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 3 объектісін іске қосу жоспарланған.
Источник: dknews.kz