үй Қазақстан жаңалықтары ҚР ҚМ әскери қызметшілері Түркістан облысында түсіндіру шараларын өткізді

ҚР ҚМ әскери қызметшілері Түркістан облысында түсіндіру шараларын өткізді

19
0

223 rob

ҚР ҚМ әскери қызметшілері Түркістан облысында түсіндіру шараларын өткізді

Фотосурет: ҚР ҚМ

Өңірдегі ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысының соңғы кезеңінде Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Түркістан және Кентау қалаларында іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Елордалық ақпараттық десант құрамына Тәрбие және идеологиялық жұмыс, Әскери білім және ғылым департаменттерінің, «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық балалар-жасөспірімдер қозғалысының өкілдері, Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің қызметкерлері, Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық тобы және Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің хоры кірді. 

Түркістанда Ұлы Отан соғысының 102 жастағы ардагері Немет Абрасиловпен кездесу өтті. Елордалық қонақтар майдангерге алғыс хат, Қорғаныс министрінің атынан сыйлықтар табыс етіп, ғасырдан аса жасаған қарияға соғыс жылдарындағы әндерді шырқап берді. Майдангер өз кезегінде әскери қызметшілерге ризашылығын білдіріп, ашық аспан, амандық-саулық тіледі.

ҚР ҚМ әскери қызметшілері Түркістан облысында түсіндіру шараларын өткізді

Оқушы жастармен кездесу барысында Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің офицері подполковник Дәулет Бейсеков әскери қызметке шақыру тәртібіне және әскери оқу орындарына қабылдау талаптарына егжей-тегжейлі тоқталды. 

ҚР ҚМ әскери қызметшілері Түркістан облысында түсіндіру шараларын өткізді

Ұлттық қорғаныс университеті идеологиялық жұмысының офицері майор Сәбит Сыздықов акцияға қатысушыларға жоғары оқу орнына түсу кезінде әскерде қызмет еткен азаматтарға берілетін жеңілдіктер жайлы айтып берді. Ол әскери қызметтегі мансаптық өсу мен перспективаны таңдаудың маңыздылығын атап өтті. 

ҚР ҚМ әскери қызметшілері Түркістан облысында түсіндіру шараларын өткізді

Кентау қаласында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қала әкімі Жандос Тасовпен кездесті. Әкім патриоттық клубтар, үйірмелер санының өскенін атап өтіп, кез келген саладағы тәрбиеленушілердің өздеріне пайдалы жаңа технологияларды үйренуіне қатысты оң пікір білдірді.  

Әлия Молдағұлова атындағы №19 және Юрий Гагарин атындағы №16 мектептерде 9-11 сынып оқушыларына арналған ерлік сабақтары өтті. Ш. Қалдаяқов атындағы қалалық мәдениет сарайында Кеңес Одағының Батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ғасырлық мерейтойына арналған «Халық жүрегіндегі батыр» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды.

Шара соңы Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

Источник: dknews.kz