үй Қазақстан жаңалықтары ҚР Оқу-ағарту министрі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

ҚР Оқу-ағарту министрі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

15
0

217 rob

ҚР Оқу-ағарту министрі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Кеңес мүшелері оқу-ағарту және балалар құқығын қорғау саласындағы маңызды мәселелермен бөлісті. Ғани Бейсембаев кеңес мүшелерінің ашық әрі әділ жұмыс жасайтынына сенім білдірді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«ҚР Оқу-ағарту министрлігі үшін қоғамдық кеңестің ролі маңызды. Өзекті мәселелерді көтеріп жан-жақты жұмыстарды жасауларыңыз тиіс. Оқу-ағарту министрлігі өз кезегінде қоғамдық кеңес мүшелерімен ашық қарым-қатынас орнатып жұмыс атқарады» Ғани Бейсембаев

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес құрамына 23 адам кіреді. Олардың қатарында жеке білім беру, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, депутаттар, IT-саласының мамандары және педагогтар бар.

Источник: dknews.kz