үй Қазақстан жаңалықтары Ресейге 40 қорап тірі шаянды құжатсыз тасымалдамақшы болғандар ұсталды

Ресейге 40 қорап тірі шаянды құжатсыз тасымалдамақшы болғандар ұсталды

14
0


                Ресейге 40 қорап тірі шаянды құжатсыз тасымалдамақшы болғандар ұсталды

Фото: Polisia.kz

Ер адам Ресейге 40 қорап тірі шаянды құжатсыз тасымалдауға әрекеттенген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 28 желтоқсанда түнгі сағат 2 шамасында “Өскемен-Самар” тас жолының 62 шақырымында ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қызмет өткеру кезінде ГАЗель автокөлігін тоқтақан. Оның рөлінде облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны болды.

Көлік құралын тексеру барысында тәртіп сақшылары көліктің шанағында тиісті құжаттары жоқ тірі шаяндары бар 40 қорапты тапқан. Жүргізуші Үшарал ауылынан Ресей Федерациясының Барнаул қаласынан тірі шаяндарды тасығанын айтқан.

Әрі қарай тексеру үшін ер адам Ұлан ауданы Асубұлақ ауылының КПб-ға жеткізілді, онда процестік шешім қабылдау мақсатында іс ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша ветеринариялық инспекцияға берілді. Ер адамға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Источник: nege.kz