үй Қазақстан жаңалықтары Өрт сөндірушіні еске алу турнирі: Астанада хоккейден жарыс өтті

Өрт сөндірушіні еске алу турнирі: Астанада хоккейден жарыс өтті

11
0

251 rob

Өрт сөндірушіні еске алу турнирі: Астанада хоккейден жарыс өтті

Фотосурет: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

2024 жылғы 3-4 ақпанда Астана қаласы мәслихатының қолдауымен «Тарлан» мұз сарайында қызметтік міндетін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинді еске алуға арналған шайбалы хоккейден турнир өтті, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Өрт сөндірушіні еске алу турнирі: Астанада хоккейден жарыс өтті

Турнирге QUTQARUSHI, BI HOCKEY TEAM, BAUERLAR және ORDA хоккей командалары қатысты.

Өрт сөндірушіні еске алу турнирі: Астанада хоккейден жарыс өтті

Турнирдің салтанатты ашылуына Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов және депутаттар тобы, Асқар Забикулиннің жақындары, жары мен балалары, елордалық ТЖД басшылығы мен ардагерлері қатысты.

Өрт сөндірушіні еске алу турнирі: Астанада хоккейден жарыс өтті

Екі күндік турнирдің жеңімпазы Bauerlar командасы, екінші орынды Qutqarushi командасы, ал үшінші орынды BI hockey team жеңіп алды.

Өрт сөндірушіні еске алу турнирі: Астанада хоккейден жарыс өтті

Қызмет барысында қаза тапқан өрт сөндіруші, біздің заманымыздың батыры Асқар Забикулинді еске алуға арналған алдағы турнир бұрын волейболдан және өрт-құтқару спортынан өткен болатын.
Қаңтар айында Асқар Забикулин 30 жасқа толар еді.

Источник: dknews.kz