үй Қазақстан жаңалықтары Өрт-құтқару спорты: ШҚО-да қысқы чемпионаттардың мандаттық комиссиясы өтті

Өрт-құтқару спорты: ШҚО-да қысқы чемпионаттардың мандаттық комиссиясы өтті

47
0

201 rob

Өрт-құтқару спорты: ШҚО-да қысқы чемпионаттардың мандаттық комиссиясы өтті

Фотосурет: ШҚО ТЖД

2024 жылғы 27 ақпанда  өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионаттардың бас төрешісі Ерғали Бахаевтың төрағалығымен өрт сөндіру -құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарының мандаттық комиссиясы өтті. Отырысқа төрешілер, облыстар мен қалалардың ТЖД құрама командаларының жаттықтырушылары мен команда өкілдері қатысты, DKNews.kz reports.

Қысқы чемпионаттарды өткізуге дайындық бойынша «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев баяндама жасады. Ерлер, әйелдер және жасөспірім ұлдар мен қыздар құрама командаларының бас жаттықтырушылары жарыстарға дайындық және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндады. Жиын командалардың жеребе тастауымен аяқталды.    

Өрт-құтқару спорты: ШҚО-да қысқы чемпионаттардың мандаттық комиссиясы өтті

Чемпионаттар 28 ақпан күні Өскемен қаласында ТЖД спорт манежінде басталады, чемпионаттарға 400-ден астам спортшылар қатысады.

Өрт-құтқару спорты: ШҚО-да қысқы чемпионаттардың мандаттық комиссиясы өтті

Өрт-құтқару спорты: ШҚО-да қысқы чемпионаттардың мандаттық комиссиясы өтті

Жарыс 3 күнге созылады.  «100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту», «Шабуыл сатымен көтерілу» түрлерінің нәтижелері бойынша ең мықты спортшылар анықталатын болады.

Источник: dknews.kz