үй Қазақстан жаңалықтары Өрттердің себебі – отты абайсыз пайдалану

Өрттердің себебі – отты абайсыз пайдалану

0

300 Awrora

Фотосурет: DKNews

Жыл басынан бері елордада өртті абайсыз пайдалану себебінен 11 өрт болды.

Осы себептен өткен демалыс күні бір өрт болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мәселен, 12 ақпанда сағат 16:35-те елордалық өрт сөндірушілер Балқаш көшесі, 11 мекенжайына өртке шықты. 

Елордалық ТЖД өрт сөндірушілері жеке құрамының 16 адамы және 3 бірлік техникасымен келгеннен кейін төрт бөлмелі бір қабатты тұрғын үйде үй заттары мен жиһаздардың өртенгені анықталды. Өрт кезінде улы газдан уланған 1957 жылы туған әйел № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде өрт сағат 17:46-да жойылды. 

Құрметті азаматтар, Астана қаласының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады: 

  •  электр және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз, сондай-ақ оларға балаларды жібермеңіз; 
  •  жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз;
  •  жарықтары бар пешті пайдаланбаңыз;
  •  жылыту маусымы басталғанға дейін және жылыту маусымы бойы әр үш ай сайын түтін мұржаларын күйеден тазартуды ұмытпаңыз;
  •  отынды тез тұтанатын сұйықтықпен жағуға болмайды және ыстық заттар мен материалдарды пеш алдындағы төсемеге қоймаңыз; 
  •  төсекте темекі шекпеңіз;

Өрт болған жағдайда дереу 101 телефон нөміріне қоңырау шалыңыз

Источник: dknews.kz

Exit mobile version