үй Қазақстан жаңалықтары Салық есептілігін ұсыну мерзімі 3 күннен кейін аяқталады

Салық есептілігін ұсыну мерзімі 3 күннен кейін аяқталады

4
0

233 Арман

Салық есептілігін ұсыну мерзімі 3 күннен кейін аяқталады

Фотосурет: el.kz

3 күннен кейін салық есептілігін ұсыну мерзімі аяқталады, деп хабарлайды DKNews.kz. 

2024 жылдың 15 ақпаныда 4 тоқсан мен екінші жартыжылдықтың салық есептілігін табыс ету мерзімі аяқталады. Бұл туралы Астана қаласы бойынша МКД хабарлады.

Бұл ретте, 200.00, 300.00, 400.00, 570.00, 870.00, 910.00, 913.00 СЕН 15 ақпанға дейін ұсыну қажет.

Сонымен қатар, салық есептілігін электрондық нысанда ұсыну мерзімін ұзарту көзделген.

Мерзімді ұзарту үшін Мемлекеттік кіріс органына тіркеу есебі орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) белгіленген нысан бойынша электрондық форматта «Салық төлеуші кабинеті» ҚР ҚМ МКК web-қосымшасы арқылы немесе «Электрондық үкімет»(egov.kz) порталы арқылы мерзім аяқталғанға дейін немесе қағаз жеткізгіште хабарлама жіберу қажет.

Салықтар туралы толығырақ ақпаратты 1414/3 телефоны арқылы немесе @astana_mkd Instagram парақшасында.

Источник: dknews.kz