үй Қазақстан жаңалықтары Сауда және интеграция министрлігінің жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Сауда және интеграция министрлігінің жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

0

183 rob

Фотосурет: АР

ҚР СИМ Қоғамдық кеңесінің мүшелерін жұмыс тобының мүшелері ашық дауыс беруі арқылы таңдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жалпы, кеңес құрамына 15 азаматтық қоғам белсендісі кірді.

Олардың қатарында «Қазақстан қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» ЗТБ президенті Айжан Наурзғалиева, «Қазақстанның астықты қайта өңдеушілер одағы» ЗТБ президенті Әлихан Талғатбек, «Өңдеу өнеркәсібі одағы» ЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары Әділбек Бектібаев, «ҚР Сауда желілері одағы» ЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары Эльбеги Әбдиев, «Қазақстандық автокәсіпкерлік қауымдастығы» ЗТБ Техникалық реттеу жөніндегі директоры Ербол Сейпілов, «Ақтөбе облысы бойынша фермерлер қауымдастығының» ЗТжЖКБ төрағасы Берік Сариев, VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Амангалий Бердалин, «Қазақстанның қаптаушылар қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары Наталья Кузнецова, «Қазақстанның ет одағы» ЖКжЗТБ директоры Асқар Жұбатыров, «Ақтөбе облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы» ҚБ төрағасы Арслан Қарханов, «Техникалық реттеу және метрология жүйелесіне қатысушылардың Қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ директоры Дмитрий Савеленко, «Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерін өндірушілер қауымдастығы «Қазақстан ФармМедИндустриясы» ЗТБ директоры Гүлдария Манақпаева, «Bastama «бизнеске реттеушілік және салықтық әсерді бағалау институты қауымдастығы» ЗТжЖКБ президенті Темірлан Жақыпбеков, өзін-өзі ұсынушы азамат Василий Михалченко, «ҚР — дағы өңірлік сауда жылжымайтын мүлік иелерінің қауымдастығының» ЗТжЖКБ Басқарма төрағасы Руслан Шаекин бар.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелерінің бірі кеңестен шығып кетуі жағдайына байланысты азаматтық қоғамнан кандидаттардың резервтік тізімі анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық кеңес үш жыл мерзімге сайланады. Кеңестің өкілеттіктеріне бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, Министрліктің стратегиялық жоспарларын және олардың орындалу барысын талқылау, НҚА жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу, ҚР заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және тағы басқалар жатады.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version