Фото: ғаламтордан
Қорғаныс министрлігі бұрынғы әскери қызметшіге қатысты қылмыстық істің қозғалуы бойынша ресми мәлімдеме жасады.
Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен тергеу жұмыстары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды. Айта кету керек, күдікті бұған дейін теріс қылықтары үшін ҚР Қарулы күштерінің қатарынан шығарылды», — делінген хабарламада.
Жетісу облысы Панфилов ауданында сегізінші сынып оқушысы жүкті болып қалған. Күдікті болып әскери қызметкер ұсталған.
Источник: nege.kz