үй Қазақстан жаңалықтары Сейсмикалық қаупі жоғары Алматы облысында АЭС салу орынды ма?

Сейсмикалық қаупі жоғары Алматы облысында АЭС салу орынды ма?

18
0


                Сейсмикалық қаупі жоғары Алматы облысында АЭС салу орынды ма?

Фото: ғаламтордан

Атом электр станциясын орналастыру үшін оңтайлы орын ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды.

Министр 2023 жылы АЭС орналасатын аумақты таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылатынын айтқан болатын. АЭС құрылысына оңтайлы орын ретінде қарастырылып отырған Жамбыл ауданы сейсмикалық қаупі жоғары Алматы облысында орналасқан. 

АЭС салатын орынды таңдау барысында Алматы облысының сейсмикалық қаупі жоғары аймақта орналысқаны ескерілді ме? 

NEGE-нің тілшісі жолдаған сауалға ҚР Энергетика вице-министрі Хасенов Асхат Ғалымұлы жауап берді. 

«Сейсмикалық қауіпсіздік мәселесі міндетті түрде ескеріледі. Қоғамдық талқылау бойынша ескерілген жұмыстар нақты ауданды айқындауға бағытталған. Нақты орынды жобалық негіздемені дайындаған кезде айқындаймыз. Құрылыс жұмыстарын бастау үшін кем деген үш орын қарастырылатын болады. Бұл іс-шаралардың әр кезеңінде сейсмикалық жағдайға назар аударылады», — деді Асхат Хасенов.

Қазақстанда АЭС салу бойынша әлемдік тәжірибе зерттеліп жатыр.

Источник: nege.kz