310 Awrora
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі
Семей барлаушылары кешенді тексеруден өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Абай гарнизонының 44736 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы барлау топтарының әскери қызметшілері Қарулы күштердің Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының кешенді тексерісінен өтті.
Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіргеннен кейін барлау топтарының жеке құрамы жауынгерлік міндеттерді орындау ауданына жорық жасады.
Әскери қызметшілер тактикалық-арнайы, инженерлік, әскери-медициналық, мина-жарылғыш заттарды пайдалану іс-әрекеттер бойынша жеке сынақтарды, байланыс және әскери топография құралдары бойынша нормативтерді тапсырды.
Комиссияның басты назары бөлімшелерді басқару жұмысына, жауды мұқият барлауға, жасырын қозғалысқа, жергілікті жерде камуфляжға, диверсиялық-барлау іс-қимылдарын жүргізуге, рейд пен армиялық тактикалық ату жаттығуларын орындауға аударылды.
«Тексеру 48 сағат бойы түраралық полигонда әртүрлі тапсырмаларды орындаған барлаушылардың тынығуынсыз және ұйқысыз жүргізілді. Барлаушылардың физикалық төзімділігі мен психологиялық жүктемелерін көтере білуі 15 шақырым жаяу жүру барысында толық киім-кешек пен қару-жарақпен тексерілді» 44736 әскери бөлімінің командирі подполковник Талап Бірбаланов
Айта кету керек, арнайы мақсаттағы барлау топтары күрделі ауа-райының қолайсыздығына қарамастан оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындады.
Источник: dknews.kz