үй Қазақстан жаңалықтары Сенаторлар «Бозоқ» ұлттық саябағының қызметімен танысты

Сенаторлар «Бозоқ» ұлттық саябағының қызметімен танысты

0

222 rob

Фотосурет: Б.Серікбай

Адамгершілік құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраны сақтау және ілгерілету – Парламент Сенаты депутаттарының жұмысындағы басымдықтардың бірі болып табылады. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Бозоқ» ұлттық саябағы аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп ұлтымыздың мәдени және тарихи мұрасы мемлекет дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын, ал көне «Бозоқ» қалашығы сияқты нысандар дала өркениеті мәдениетінің қалыптасу және даму тарихын көрсететінін атап өтті.

Ғалымдар кездесу барысында көне Бозоқ қалашығын жаңғырту және хронологиялық 5 тарихи кезеңді бейнелейтін археология ескерткіштерінің түпнұсқалығын сақтай отырып, Ботай, сақтар, ғұндар мен түріктердің тарихи кешендерін қалпына келтіру – жобаны іске асырудың негізгі мақсаты болып табылатынын депутаттарға айтып берді. Ұлттық саябақ жұмыс істеп тұрған кезінде ежелгі қоныстарда материалдық емес мәдени мұра бөліктері негізінде мәдени-білім беру іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр.

Сенаторлар өз кезегінде «Бозоқ» ұлттық саябағы еліміздің туристік картасындағы тартымды орынмен қатар, ғылыми-шығармашылық жобаларды жүзеге асырудағы маңызды алаңға айналуы тиіс екенін айтты.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version