үй Қазақстан жаңалықтары Сержанттар санаты тексерілді

Сержанттар санаты тексерілді

12
0

262 rob

Сержанттар санаты тексерілді

Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Қарулы күштердің Бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов Аягөз гарнизонында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Екі күнге жоспарланған жұмыс сапары аясында Бас сержант әскери бөлімдердегі жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқан бөлімшелерді үйлестіру сабағының барысын қадағалап, өз бағасын берді. Сонымен қатар бөлім аумағымен Майлин оқу-жаттығу полигонында сержанттар құрамынан сынақтар қабылдап, кәсіби әскери қызметшілердің білім деңгейін тексеруді де назардан тыс қалдырмады.

Сержанттар санаты тексерілді

Іс-сапар барысында Темірбек Мырзаханұлы түрлі санаттағы сержанттар құрамымен кездесулер өткізіп мәселелерін тыңдады, қажетті ой салған сержанттардың пікірін қаламға түртіп шешімін табуға уәде берді.  Өз кезегінде Бас сержант әскери бөлімшенің жауынгерлік міндеттерді орындауы, сарбазға үлгі болатын сержанттардың дайындығы, оның тәжірибесі, психологиялық тұрақтылығы, ұрысты ұйымдастыруы оның өз деңгейіндегі басқару қабілетіне байланысты екенін нақты атап өтті.

Сержанттар санаты тексерілді

Бұдан бөлек мерзімді қызметтегі сарбаздардың игерген әскери білім деңгейі мен тұрмыс тіршілігіне ерекше назар аударып, сарбаздарға қажетті оқу нысандарында аралады.

Сержанттар санаты тексерілді

Источник: dknews.kz